KZ     RU     ENG
Бейсенбі, 19 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14884381
2019 жылы:  18096
бүгiн:  172
қазiр:  6
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

21.12.2018

   2018 жылғы 21 желтоқсанда  Almaty Arena көпфункционалды спорт кешенінде Халықаралық «Titan FC» ұйымы және «Alem fighters» спорт клубының ұйымдастырумен аралас жекпе-жек (ММА) бойынша «Titan FC 51» Халықаралық турнирі өтті.


   UFC сапына кіруге жол ашатын бұл әлемдік додаға 15 мемлекеттен - Қазақстан, Бразилия, Қытай, АҚШ, Канада және т.б. елдердің мықты спортшылары күш сынасты.
   Осы спорттық жарысқа орай, Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында 19 желтоқсанда  жекпе-жек алдындағы ашық жаттығу жұмыстары және 20 желтоқсанда салмаққа түсу рәсімі мен баспасөз конференциясы өтті. Іс-шараны ұйымдастырушы ережесіз жекпе-жектен үш дүркін әлем чемпионы, «Alem fighters» кәсіпқой спорт клубының жетекшісі Ардақ Назаров. Конференцияға «Titan FC» тұжырымының президенті Лекс Макмахон, әлем чемпиондары Бейбіт Назаров және Қазыбек Әшімов, ММА-дан үш дүркін әлем чемпионы, бразилиялық Джезиас  Кавальканте  қатысты. Сонымен қатар, жарыс қонағы ретінде АҚШ-тан UFC чемпиондары Стефан Стрюве, Камару Усман және Гилберт Бернс келді. 
   Файткард құрамына екі титулды жекпе-жек кірді. Жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеуді (57 келі) колумбиялық Хуан Пуэрта (15-6) мен қазақстандық спортшы Қазыбек Әшімов (13-3) сарапқа салса, бұл кештің басты жекпе-жегінде Бейбіт Назаров (14-3) пен Мартин Браун (12-5) кездесті. Олар жеңіл салмақта (70,3 кг) уақытша чемпиондық белбеуіне таласты.
   Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы аталған шара аясында спорт жетістіктеріне арналған «Спорт әлемі» атты кітап көрмесін және Ұлттық қолөнер бұйымдарының көрмесін  ұйымдастырды.

     

     

     

                                           


« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование