KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14888725
2019 жылы:  22440
бүгiн:  1
қазiр:  75
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

21.12.2006
                                                                                                          Пайда ойлама, ар ойла,
                                                                                                          Талап қыл артық білуге.
                                                                                                          Артық білім кітапта,
                                                                                                          Ерінбей оқып көруге.
                                                                                                                        Абай 
                                                      Баспасөз – релиз
 
ҚР Ұлттық кітапханасы                                                                  21 желтоқсан 2006 ж.
Алматы, Абай даңғылы, 14                                                              10-00 сағат
 
    Алтын киімді адамның қасынан табылған ыдыстағы жазу Қазақстан жерін мекендеген көне заманғы бабаларымыздың біздің заманымызға дейінгі IV-III ғасырларда-ақ хат білгендігіне бұлжымас айғақ.
   Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті мен Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы “Қазақ кітаптары әлемі” атты семинар өткізеді.
   ХХІ-ғасыр білім ғасыры. Ұлттық кітапханадағы “Оқуға құштар, оқуға құмар Қазақстан” (Читающий Казахстан) атты жобаны іске асыру аясында көптеген шаралар өткізілуде. Бұл семинарда сол үлкен жобаның бір тармағы.
   “Қазақ кітаптары әлемі” атты семинардың негізгі мақсаты: Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтуде қазақ кітаптары әлемінің ықпалын жұртшылыққа паш ете отырып, бүгінгі таңда жарыққа шыққан қазақ кітаптарының таралымын, ең бастысы оқылымын, насихатталуын және қазақ тілінде жазылып жатқан әдебиеттердің сапасын жақсартуға ұмтылдыру. Авторлық қалам ақы, авторлық құқық мәселесі де осы семинарда кеңінен талқыға түспек.
    Семинар болатын күнге “Қазақ кітаптары әлемі” атты кітап көрмесі дайындалуда.
   Семинарға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Амангелді Айталы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұхтар Шаханов, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитетінің төрағасы Ерден Қажыбек, Алматы қалалық Тіл басқармасының бастығы Кенжехан Матыжанов, Қазақ газеттері ЖШС-нің бас директоры Мереке Құлкенов, Қазақстан жазшылар Одағы төрағасының орынбасары Талаптан Ахметжан, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат комитеті баспа бағдарламасын қалыптастыру және кітап сапасын бақылау бөлімінің бастығы Райхан Мәженқызы баяндамаларымен қатысады және әдебиет, мәдениет жанашырлары ой бөліседі.
   Семинар Ербол Шаймерденовтің “Ақыл-ой антологиясы” атты кітабының тұсау кесерімен жалғасады.
    Шараға Қазақстан кітапханаларының директорлары, Астана және Алматы қаласының зиялы қауым өкілдері, жазушылар, ақындар, баспа қызметкерлері және БАҚ шақырылған.
Кітап – қоғамның рухани күштерін дамытудың қуатты құралы. “Қазақ кітаптары әлемі” немесе кітап ісін алға бастыруға арналған семинарға қатысып, пікір айтамын деушілерге есігіміз ашық.
 
 
Анықтама телефондарымыз: 72-31-30,  67-28-83
 
 
 
« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование