KZ     RU     ENG
Бейсенбі, 19 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14884626
2019 жылы:  18341
бүгiн:  417
қазiр:  56
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

14.12.2018

   2018 жылғы 14 желтоқсанда Кітапханатану залында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай, Ұлттық кітапхана қызметкерлеріне арналған «Еліміздің еркіндігі - Тәуелсіздік» атты мерекелік кеш өтті.
   Мерекелік кешті ҚР Ұлттық кітапханасы директорының ғылым жөніндегі орынбасары А.Х.Юсупова ашып, Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады.
   16 желтоқсан – ата-бабамыздың арманы орындалып, жасампаздығымызды жаңа белеске көтерген Тәуелсіздік күні. 1991 жылғы 16 желтоқсанда Президент Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған Конституциялық Заңнан бастау алған тәуелсіздігімізге биыл 27 жыл толды. Бұл күн – ата-бабамыздың аңсаған арманы жүзеге асқан, елімізге еркіндік сыйлаған Ұлы күн. Халқымыздың ынтымағы, ұлтаралық татулығы мен жасампаздығы елдігіміздің баға жетпес құндылықтары.
   Іс-шарада Көрмелер және мәдени бағдарламалар бөлімінің қызметкері Таңжарық Орманбеков «Желтоқсан желі», «Елім менің» әндерін орындап, кітапхананың жас мамандары Жандос Қанатұлы, Дархан Сағындықов, Үміт Ерқанат Тәуелсіздік күніне арналған өлеңдер оқыды.
   Іс-шара аясында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

     

                                         

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование