KZ     RU     ENG
Сейсенбі, 01 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15056573
2019 жылы:  122108
бүгiн:  1
қазiр:  38
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

19.12.2018

   2018 жылғы 19 желтоқсанда Н.Дәулетова атындағы залда Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ұсынуымен Ә.Бөкейхан. Шығармалары – Сочинения. 15 том. – Астана: «Алашорда» Қоғамдық қоры, 2018. – қазақша, орысша жинағының және «Әлихан Бөкейхан» тұлғалық энциклопедиясының тұсаукесер рәсімі өтті.

   Әлихан Бөкейхан шығармаларында әр жылдары қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген мақалалары, ғылыми зерттеулері, 1897-1901 жж. Қазақ облыстарын зерттеген «Щербина экспедициясының» материалдары, Л.Н.Толстой шығармаларынан аударған әңгімелері, өтініштері, хаттары және хаттамалары қамтылған.
   «Әлихан Бөкейхан» тұлғалық энциклопедиясына Ә.Бөкейханның өмірбаяндық деректері, қайраткерлік қызметі, ғылыми, публицистикалық, аударма мұралары туралы мақалалар енгізілген. Кітапта Алаш қозғалысына қатысты мағлұматтар, Алаш қайраткерлерінің өмірбаяндары, сондай-ақ ғалым жөнінде жазылған еңбектер мен олардың авторлары туралы да мәліметтер берілген.
   Іс-шараны Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, т.ғ.д., профессор Зиябек Қабылдинов жүргізді.
   Шараға ҚР ҰҒА академигі, т.ғ.д., профессор Мәмбет Қойгелді; т.ғ.д., профессор Уахит Шалекенов; ғалым, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ «Алаш ғылыми - зерттеу институтының директоры Сұлтан Хан Аққұлұлы Жүсіп; филология ғылымдарының докторы Орынай Жұбаева және т.б. қоғам және мәдениет қайраткерлері қатысып, сөз сөйледі.

     

     

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование