KZ     RU     ENG
Сейсенбі, 01 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15056616
2019 жылы:  122151
бүгiн:  1
қазiр:  35
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

21.12.2018

   2018 жылғы 21 желтоқсанда Н.Дәулетова атындағы залда «Тарихи-мәдени мұраны (дәстүрлі музыканы) кешенді түрде зерттеу және оны қоғамдық білім, бұқаралық мәдениет және ақпарат салаларына енгізу» атты Жоба аясында жүзеге асырылған басылымдардың тұсаукесері өтті.
   Жоба ҚР БҒМ "Ғылымды дамыту", "Ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру" бағдарламасы бойынша іске асырулыда).
Жобаның авторы және ғылыми жетекшісі – өнертану докторы Омарова Г. Н.
   Оқырмандар назарына
   1. Гүлзада Нұрпейісқызы Омарованың «Казахский кюй: культурно-исторический контекст и региональные стили» ("Қазақ күйі: мәдени-тарихи контекст және аймақтық стильдер") атты монографиясы,
   2. Аманкелді Күзеубайдың "Домбырамен ән айту" (БММ мен колледждерге арналған) атты оқу-әдістемелік құралы,
   3. Омарова Г. Н., Г. И. Мырзағалиева, А. Н. Омаровалардың "Қазақстан аймағының музыкалық фольклоры" атты ноталық-музыкалық жинағы ұсынылды.
   Тұсаукесердің соңында  Дәстүрлі музыка концерт өтті.
   Қазақтың дәстүрлі поэзиясы мен музыкасының қыруар үлгілерінен тұратын үлкен рухани әлеует (музыкалық фольклор, ән, күй, жыр өнері)   қазіргі заман мәдениетінде дерлік пайдаланылмайды.  Әңгіме халықтың мәдени және рухани жетістіктерін консервациялау туралы емес, үздік дәстүрлердің шынайы сабақтастығы, жанды қызмет етуі және мүмкінінше дамуы туралы болып отыр. "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасында ("1000 қазақ күйі", "1000 қазақ әні") дәстүрлі музыканы сақтау мен зерттеу іс-шара бойынша алғашқы үлкен қадам жасалды. Бүгін Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес ("Рухани жаңғыру"," Ұлы даланың жеті қыры") басталған жұмысты жалғастыру және оның бағыттарын кеңейту қажет. Ол қазіргі заман мәдениетінде дәстүрлі музыканың тұрақты қызмет ету және музыкалық тарихи-мәдени мұра туралы жаңа ақпарат массивін ғылыми-педагогикалық айналымға, қоғамдық білім, бұқаралық мәдениет пен ақпарат саласына қосу тәжірибесіне ерекше назар аудару болып табылады.
   Іс-шара ҚР Ұлттық кітапханасының Өнер бөлімі жанындағы «Інжу-маржан» клубы аясында өткізілді.

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование