KZ     RU     ENG
Бейсенбі, 19 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14884545
2019 жылы:  18260
бүгiн:  336
қазiр:  63
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

21.12.2018

   Әлем әдебиеті қызметі Алматы қаласындағы Қытай Халық Республикасының Бас консулдығымен  бірлесіп 3-қабаттың  фойесінде қытай халық композиторы Сянь Синхайды еске алуға арналған фотокөрме ұйымдастырды.

   Сянь-Синхай - ірі музыка түрлерін жазған қытай композиторы, оның ең танымал жұмысы фортепиано мен оркестрдің концертіне негізделген Кантата «Желтая река» шығармасы. Алғашқы рет  болашақ композитордың музыкалық қабілетін  мұғалімі байқап, баланы мектептегі әскери оркестрге жазды. Кейінірек мектеп директоры Линь Яосян Синьханы Гуанчжоу қаласына жіберіп, сонда білімін жалғастырды. 1918 жылы Сянь Синхай Гуанчжоудағы Линнань университетінде кларнетте ойнауды оқи бастады. 1926 жылы Пекин университетіндегі Ұлттық музыка институтына, скрипка мен фортепиананы  үйрену үшін 1928 жылы Шанхай музыкалық институтына түсті. Сол жылы ол өзінің әйгілі «The Universal Music» эссесін  шығарған (әмбебап музыка). 1929 жылы ол Парижге аттанады, онда  скрипкашы Ма Сыцунмен кездесіп, танысады. Ма Сыцун Сянь Синхайды Париждің көптеген танымал суретшілерімен таныстырды. 1934 жылы ол Париж консерваториясына түскен алғашқы қытай студенті болды. Онда ол Поль Дюктің басшылығымен композицияны зерттеді. Сянь Синхай 1935 жылы Қытайға елдің  солтүстік-шығыс бөлігіндегі жапон басқыншылығының қызған щағында оралды. Өзінің  музыкасын басқынщылыққа қарсы наразылық ретінде қару етіп қолданып, патриоттық іс-шараларға қатысты.
   Фотокөрме 4 бөлімнен тұрады:

   «Күрделі өмір жолы» атты бірінші бөлімінде қытайлық композитордың өмірі мен отбасы туралы, дәуірдің  рухы күшті музыкалық шығармалардың туындауы туралы, бірнеше жүздеген музыкалық шығармалардың  (250-ден астам қазіргі ): 4 кантата,1 опера, 2 симфония және оркестрлік музыканың 4 сюитасы, скрипка мен фортепианоға арналған рапсодия және көптеген әншілер мен ансамбльдер туралы айтылады.
   Екінші бөлімде «Байқадамов отбасы және Сянь Синхайдың тарихы», Алматыдағы Байқадамов отбасымен таныстығы және екі композитордың шығармашылық байланысы, 1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталғаннан кейін белгілі қытай композиторы үлкен қиындықтарды жеңіп, Алматыға келуі баяндалады. Музыкант өзі танып-білмеген бөтен елге келіп, материалдық  қиындықтар мен аурудан зардап шеккен кезінде, қазақ музыканты Байқадамов оны үйіне тұрғызып, туған үйдің жылулығын сыйлады. Алматыда Сянь Синхай  «Симфония», «Ұлттық босату», «Қасиетті соғыс» симфониясын, «Ман-Чжан-Хун және қытай музыкантының қазақтың батыры Аменгелдіге арнаған «Амангелді» поэмасы сияқты бірқатар танымал музыкалық шығармаларды жазды. 1945 жылдың 9 мамыры Сянь Синхай туберкулез бен гепатиттің асқынуы нәтижесінде қайтыс болды. «Әкелер мен балалар байланысы» бөлімінде 2 композитор Сянь Синхай мен Б.Байқадамовтың достық шығармашылығы ұсынылған. 1989 жылда Данаш Байқадамова (Байқадамованың қызы). Сянь Нинаға хат жазып (Сянь Синхайдың қызы), Нинадан жауап алды. Сонымен қатар, Байқадамовтар отбасы мен Сянь Нина отбасы байланыс орнатты, олардың достығы әлі күнге дейін бірге туған адамдардай жалғасуда. 2 композитордың тарихи достығы одан әрі дамуда. «Сянь Синхайды еске алу» атты төртінші бөлімде композиторды еске алу құжаты ұсынылған. Ұлы композитор Сянь Синхайдың құрметіне Гунчжоу консерваториясы Сянь Синхай атындағы консерватория болып қайта аталды. Халық музыкантына 13 маусым 2005 жылы 100 жылдық мерейтойына байланысты Гунчжоу қаласының Паньюй ауданында Сянь Синхайдың мұражайы салынған. 2018 жылы маусымда ҚХР-ның төрағасы Си Цзиньпин және ҚР-ның Президенті Н.Назарбаев Пекинде «Композитор» фильмінің шығармашылық тобымен кездесті. Осы фильмге ұсынылған трейлерді бірге көріп, 2 президент те жоғары баға берді. Фото көрмеге халық композиторы Сянь Синхайдың шығармашылығын  айшықтайтын 36 мольберттер қойылды.

     

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование