KZ     RU     ENG
Бейсенбі, 19 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14884438
2019 жылы:  18153
бүгiн:  229
қазiр:  52
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

21.12.2018

   2018 жылғы 21 желтоқсанда Н.Дәулетова атындағы залда белгілі жазушы, ақын, аудармашы Әуезхан Қодарды еске алу кеші өтті. Кеште Ә.Қодардың 10 томдық шығармалар жинағынан орыс тілді өлеңдерінің екі томының тұсаукесері өтті. Алғашқы томында орыс тіліндегі өлеңдер, ал екіншісінде проза жазылған.

   Іс-шараны ҚР Ұлттық кітапханасы директорының ғылым жөніндегі орынбасары А.Х.Юсупова ашты.
   Әуезхан Қодар – билингвист, ақын, публицист, сыншы, философ және мәдениеттанушы ретінде қазақ және орыс тілдерінде шығармалар жазды. Оның қазақ тілінде «Қанағат қағанаты» (1994) және «Оралу» (2006) атты екі кітабы, орыс тілінде «Крылатый узор» (1990), «Абай (Ибрагим) Кунанбаев» (1996), «Круги забвения» (1998), «Очерки по истории казахской литературы» (1999), «Степное знание: очерки по культурологии» (2002), «Зов бытия» (2006), «Порог невозврата» (2011), ағылшын тілінде 2004 жылы «Цветы руин» және «Степное знание» атты кітаптары шыққан. Өлеңдері ағылшын, корей, украин тілдеріне аударылған.
   Кеш барысында «Тамыр» мәдени-философиялық журналының 47-ші санының тұсаукесері өтті.  Журналды құрастырушы және бас редакторы Әуезхан Қодар. Қазір оның ізін қазақстандық суретшілердің, философтардың, ақын-жазушылардың қолдауымен қызы Айман Қодар жалғастыруда.
   Іс-шараны философия ғылымдарының докторы – Жақып Алтаев жүргізді.
   Шара барысында Орталық Азия университетінің студенттері Әуезхан Қодардың өлеңдерін оқыды.
   Іс-шараға ақын Шаһизада Әбдікерімов, Дидар Амантай, Сәкен Нарынов, Аслан Жақсылықов, Қайрат Жанабаев, Сергей Колчигин, Марат Адибаев, Герман Нурбаев, Ә.Қодардың әйелі Зәмза Қодар мен қызы Айман Қодар және т.б. белгілі қоғам және мәдениет қайраткерлері қатысып, сөз сөйледі.
 

     

                                        

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование