KZ     RU     ENG
Бейсенбі, 19 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14884510
2019 жылы:  18225
бүгiн:  301
қазiр:  59
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

09.01.2019

   Әлем әдебиеті қызметінде атақты американдық жазушы Джером Дэвид Сэлинджердің туғанына 100 жыл толуына орай кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Джером Дэвид Сэлинджер – американдық жазушы, ХХ -ғасырдағы АҚШ әдебиетінің классигі. Ол «Над пропастью во ржи» романының авторы ретінде кеңінен танымал, 1919 ж. 1 қаңтарда Нью-Йоркте дүниеге келген. Жастық шағында Джером Вэлли-Фордж қаласында әскери академияда оқыды. Нью-Йорктегі мектептерде, әскери училищеде және үш колледжде білім алған. Жазушылық мансабы  Нью-Йорктің журналдарында қысқаша  әңгімелерді жариялаумен басталды. Оның бірінші әңгімесі «Молодые люди» 1940 жылы «Стори» журналында жарық көрді. Алғашқы танымалдықты  Сэлинджерге «Хорошо ловится рыбка-бананка» (1948 ж.) атты қысқаша әңгімесі әкелді. Онда Симор Гласс есімді жас жігіт пен оның әйелінің бір күндік өмірі суреттеледі. Алғашқы жарияланымына  он бір жыл өткен соң Сэлинджер өзінің жалғыз романы «Над пропастью во ржи» (1951) романын жарыққа шығарды, ол көпшіліктің сынынан  өтіп, әсіресе роман кейіпкері  Холден Колфилдің болмысын жағымды қабылдаған жоғарғы сынып оқушылары мен студенттер арасында айрықша танымалдыққа ие болды. 1953 жылы «Девять рассказов» атты жинағы басылып шықты. 60-шы жылдары «Фрэнни и Зуи» новелласы және «Выше стропила, плотники» повесі жарыққа шықты. Оның шығармалары аударылып, жарыққа шығып отырды және көбінесе зиялы қауым арасында танымал болды.
   Ең сәтті және танымал — Рита Райт-Ковалеваның аудармалары. Сэлинджердің прозасына лирикалық қанықтылық, музыкалық және өзіндік
философия тән, ол негізінен Л. Толстойдың шығармаларында көрінеді.
   Жазушы 2010 жылы 28 қаңтарда АҚШ-тың солтүстік-шығысындағы Нью-Гэмпшир штатында, Корнишеде өзінің үйінде қайтыс болды.
   Кітап көрмесіне ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан жазушының әлем тілдеріндегі кітаптары  қойылды.

   Барлықтарыңызды кітап көрмесіне шақырамыз!

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование