KZ     RU     ENG
Бейсенбі, 19 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14884512
2019 жылы:  18227
бүгiн:  303
қазiр:  60
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

09.01.2019

   «Өнер» бөлімінің оқу залында композитор, педагог, Қазақстанның халық әртісі Мансұр Сағатовқа (1939-2002) арналған «Саңлақ сазгер» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Мансұр Сағатов 1939 жылы 2 қаңтарда Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданында дүниеге келді.  1963 жылы Алматы мемлекеттік консерваториясын (қазіргі Құрманғазы атындағы  Қазақ мемлекеттік консерваториясы) В.В. Велика-новтың сыныбы бойынша бітірді. 1963-1974 жылдары Қазақ радиосының музыкалық редакциясында бас директор  қызметін атқарды. 1974-1986 жылдары Қазақстан Мәдениет министрлігінің жанындағы репертуарлық-редакциялық алқасында қызмет атқарды. 1977 жылдан Алматы консерваториясында (1998 жылдан профессор) ұстаздық етті.
   Оның «Симфония» (1963), Скрипка мен оркестрге арналған концерт (1968), «Ақын толғауы» (өлеңі Жамбыл Жабаевтікі, 1972), «Мерекелік кантата» (өлеңі Қ.Мырзалиевтікі, 1980) кантаталары, «Диалогтар» поэмасы (ішекті аспапқа арналған, 1973), «Мерген» симфониялық күйі (1976), «Әлия» балеті (1978) және т.б. шығармалары бар. Сондай-ақ, М.Сагатовтың әндері: «Менің Алматым», «Туған ел», «Кешегі арман он жеті» және т.б. халық арасында кеңінен тараған. Республика сахналарында әр жылдары қойылған спектакльдерге (С.Жүнісовтің «Қос анар», Р.Сарсенбаевтың «Нартәуекел», Б. Мұқайдың «Тоят түні» және т.б.) және деректі фильмдерге музыка жазды.
   Қазақстанның Лениндік комсомол сыйлығының иегері (1967).
   Кітап көрмесінде ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан Мансұр Сағатовтың  өмірі мен шығармашылығы туралы материалдар ұсынылған. 

   Кітап көрмесіне келіңіздер!


« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование