KZ     RU     ENG
Сейсенбі, 01 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15056645
2019 жылы:  122180
бүгiн:  1
қазiр:  33
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

10.01.2019

   «Қазақстан кітаптары» қызметінің оқу залында 2019 жыл Қазақстанда жастар жылы болып  белгіленуіне орай «Ел сенімі жастар» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
   2019 жыл Қазақстанда жастар жылы болып жарияланды. Әр Қазақстан азаматы реформалардың мәнісін, Отанымызды өркендету жолында олардың маңызды  екенін түсіну керек.
   Жастарды қолдау  ̶  бұл ел үдерісін инвестициялау. Білім мәселесі, жаңа ақпараттық технологияларға қолжетімділік, кәсіби және бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру, отансүйгіштікке тәрбиелеу, жас ұрпақтың жемісті табыстары осының барлығы Қазақстан Президентінің халқына жолдауы мен Мемлекеттік бағдарламаларының жарқын бейнесі. Елбасының 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында жастарды кешенді қолдау мемлекеттік саясаттың басымдығына айналуы тиіс екендігін ескертті және 2019 жылды жастар жылы деп жариялады.
   2019 ж. қазақстандық жастар үшін жеке бастарының өсуіне жаңа мүмкіндіктер ашады және туған елдің гүлденуіне үлес қосады. Президент бастамасын іске асыру қазіргі заманғы әрбір қазақстандық азаматтың міндеті.
   «Ел сенімі жастар» атты кітап көрмесіне ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан өскелең ұрпақтарды жоғары мәдениеттілікке, отансүйгіштікке тәрбиелейтін кітаптар,  Қазақстанның дарынды жастарына арналған, жас ғалым-зерттеушілердің ғылыми-конференциялардағы материалдары, сондай-ақ қазақстандық жас авторлардың проза және поэзиялары қойылған.
    Кітап көрмесіне шақырамыз!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование