KZ     RU     ENG
Сейсенбі, 01 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15056642
2019 жылы:  122177
бүгiн:  1
қазiр:  35
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

10.01.2019

   «Қазақстан кітаптары» оқу залы оқитын SARA EC машинасымен толықты. Бұл құрал зағип және нашар көретін пайдаланушыларың ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз етуге арналған.
   Құрылғы автоматты түрде сканерлейді және таңдалған тілдің бірінде құжатты оқиды. Қосымша диалект және барлығы 18 тіл қамтылған: қазақ, орыс,  ағылшын, француз, түрік және т.б.
   Суретке түсіргеннен кейін бірнеше секундта оқу басталады. Машина тек қана оқып қоймай, сонымен қатар мәтіннің шрифін ұлғайтады, жылдамдықты таңдау мүмкіндігі бар, дыбыстың, сондай-ақ дауыстың оқылуын қамтамасыз ете отырып, нашар көретін адамдардың жұмыс жасауына  қолайлы. Құрылғыда анықтамалық жүйе және нұсқаулық ереже енгізілген.
   Нашар көретін пайдаланушылар үшін мониторды қосуға, шрифты үлкейтуге, мәтін мен түсін, әріптердің ара қашықтығы мен оқу кезіндегі жарықты өзгертуге мүмкіндік жасалған. Сондай-ақ, Брайл дисплейіне қосылуға болады.
     
   SARA EC оқу машинасы зағип және нашар көретін пайдаланушылардың: кітаптар, журналдар, газеттер, буклеттер сияқты баспа құжаттарын, сондай-ақ DAISY форматындағы аудио кітаптарды оқуға арналған.

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование