KZ     RU     ENG
Бейсенбі, 19 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14884437
2019 жылы:  18152
бүгiн:  228
қазiр:  51
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

10.01.2019

   Мерзімді басылымдар қызметінің оқу залында   Мемлекет басшысының  «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласы  аясында «Ұлы Жібек жолы» атты  көрме ұйымдастырылды
   Мемлекет  басшысы  «Рухани  жаңғыру» бағдарламасының жалғасы  ретінде  қарастыру бастамасын белгіледі. Ел тарихы мен қазақ даласының адам атаулыға сыйға берген ұлы жаңалықтарын есептегенде жаһандық тарихтағы халықтың рөлін объективті түсіну қажеттілігі басты назарда.Ұлы Жібек жолы керуен жолдары жүйесі  Қытайдан  Таяу  Шығыс  пен Еуропа елдеріне жалғасты. Айтарлықтай басты бөлігі Орталық Азия мен Қазақстан  аумағы арқылы өтті. Жібек жолы ретінде б.з.д. ІІІ- ғасырда пайда  болып  XVIғасырға дейін өмір  сүрген. Еліміздің географиялық тұрғыдан ұтымды, яғни Еуразия құрлығының кіндігінде орналасуы ежелден әртүрлі мемлекеттер мен өркениеттер арасында транзиттік «дәліздердің» пайда болуына септігін тигізді. Оның құрылуынан бастап Ұлы Жібек жолы картасы түркі империясының аумағында орналасты. Біздің дәуірімізден бастап бұл құрлық жолдары Үлкен Еуразияның Шығысы мен Батысы, Солтүстігі мен Оңтүстігі арасындағы сауда және мәдениет саласындағы байланыстардың трансконтинентальды желісіне – Ұлы Жібек жолы жүйесіне айналды. Қазақ даласы Ұлы Жібек жолы бойымен сауда жолдары өтетін аумақ болды, көшпелі және қоныстанушылар арасындағы мәдени байланыстардың өзара байланысы, рухани мәдениеттердің араласуы болды. Бұл байланыстар елдер арасындағы бейбіт, жақсы қарым-қатынасқа ықпал етті және халықаралық жобаларды дамытуға серпін берді. Дала белдеуі Қытай, Үнді, Парсы, Жерорта теңізі, Таяу Шығыс және славян өркениеттерін байланыстырды. Алғаш пайда болған сәттен бастап, Ұлы Жібек жолы картасы, негізінен, Түрік империяларының аумағын қамтыды. Орталық Еуразияда түркілер үстемдік құрған кезеңде Ұлы Жібек жолы гүлдену шегіне жетіп, халықаралық ауқымда экономиканы өркендетуге және мәдениетті дамытуға септігін тигізді. Ғасырлар бойы көптілді базарлар шулы болды, жүздеген жылдар бойы шаңды керуен жолдары, асыл тастар, алтын және күміс, оңтүстік экзотикалық құстар мен жануарлар еуропалықтарға сатылды. Жібек жолы тек қана қымбат саудамен  ғана емес, Шығыс және Батыстың  ерекше мәдени дәстүрлері мен діни нанымдары, ғылыми және техникалық жетістіктері  сияқты екі түрлі өркениетте  кездесті.
   Көрмеде Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы қорынан, Ұлы Жібек жолына  арналған  материалдар ұсынылған. 
   Сіздерді көрмеге шақырамыз!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование