KZ     RU     ENG
Бейсенбі, 19 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14884526
2019 жылы:  18241
бүгiн:  317
қазiр:  57
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

15.01.2019

   «Қазақстан кітаптары» оқу залында Қазақстан Республикасының Президенті «Ұлы даланың  жеті қыры» атты мақаласы аясында қазақтың әйгілі тарихи  қайраткерлеріне және олардың жетістіктеріне арналған «Ұлы Тұранның ұлдары» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
   Мемлекет басшысының  «Ұлы даланың  жеті қыры» мақаласы  «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы және ол Қазақстанның тарихи ескерткіштерін сақтау мен насихаттауды  бағыттайды.                            
   Қазақ даласының адамзатқа берген ұлы жаңалықтарын ескере отырып, ғаламдық тарихтағы адамдардың рөлін обьективті түсіну қажеттілігі және елдің тарихы назарда. Қазақстандықтар әрқашан әл-Фараби, Яссауи, Тәуке хан, Кенесары хан, Абылай хан және т.б. ата-бабаларының есімдерін еске алып, құрметтеуге міндетті.
   Қазақ ханы - Қазақ хандығының жоғарғы мемлекеттік лауазымы. Хан сұлтандардың арасынан сайланған. 1465 жылы Алтын Орда мен Өзбек хандығының құлдырауымен, 1468 жылы XV ғасырдың ортасында Қазақ хандығы құрылған.
   Қазақтың алғашқы ханы Керей хан болды, ол Жәнібек ханмен бірге өзін-өзі билейтін қазақ хандығын құрды. Қазақ хандығының  билеген жылдары:  Керей хан (1465-1472), Жәнібек хан (1472-1473), Бұрындық хан (Мурындык хан, 1473-1511), Қасым хан (1511-1521), Мамаш хан (1521-1522), Тахир хан (1522-1533), Тәуекел хан (1582-1598), Есім хан (1598-1628), Жәнібек хан (1628-1643), Тәуке хан (1680-1715), Абылай хан (1771-1781), Кенесары хан (1841-1847) және т.б.
   XVI ғасырдың соңында қазақтың көшпелі өмірі мен  тарихи жағдайларына қарай, Ұлы жүз, Орта жүз және Кіші жүздер қалыптасты. Әрбір жүздің  өз ханы мен биі болған.  Тәуке  хан тұсында «Жеті жарғы» заң жинақтарын шығарды, ол әкімшілік, азаматтық, қылмыстық заң нормаларын жүйеледі және сот шешімдері мен басқа да мәселелер бойынша заңнамалық сипат берді. Бұл заң жинақтары белгілі қазақ билері Төле би, Қазыбек би және Айтеке бидің қатысуымен әзірленді. Қазақ хандығының қалыптасу кезеңі - бұл халықтың ерен еңбегі, тәуелсіздік үшін шайқастағы жеңістер, шексіз еңбек. Олардың ерекше сіңірген еңбектері қазақ халқының есінде мәңгі сақталады.
   Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының «Ұлы Тұранның ұлдары» атты кітап көрмесі  қазақ хандығының, әулетінің, XIV-XIX ғасырлардағы қазақ хандарының өмірі мен билеген жылдары, үш жүздің ұлы батырлары мен билерінің тарихы туралы материалдарды ұсынады.
   Кітап көрмесіне шақырамыз!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование