KZ     RU     ENG
Бейсенбі, 19 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14883958
2019 жылы:  17673
бүгiн:  1
қазiр:  63
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

18.01.2019

   2019 жылғы 23 қаңтар, сағ. 11.00-де Н.Дәулетова атындағы залда жазушы, драматург, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан жазушылар одағы және Әлем халықтары жазушылары одағының мүшесі Ахметжан Аширидің шығармашылық кездесу кеші  өтеді.
  Ахметжан Ашири 1938 жылы 20 тамызда Алматы облысы Шелек ауданының Малыбай ауылында туған. Панфилов педучилищесін, Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. Ы.Алтынсарин атындағы педагогикалық ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасында оқыған. Ол Республикалық «Коммунизм туғи» газеті әдебиет және өнер бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан Жазушылар одағының жанындағы ұйғыр әдебиеті секциясының жетекшісі, Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы болды. Көркем шығармамен 1956 жылдан айналыса бастайды. Оның алғашқы әңгімелері «Таңғы самал», «Қилы адамдар» жинағына енді. Ал 1965 жылы ауыл жастарының өміріне арналған «Осылай өмір сүргім келеді» атты тұңғыш повесі жарық көрді. Шығармалары орыс, қазақ, өзбек, украин, қырғыз тілдеріне аударылған. «Өлмейтіндер», «Муқамшы», «Диқан», «Идиқұт»  пьесалары республикалық ұйғыр музыкалық комедия театрында қойылып келеді.
  «Еңбекте үздік шыққаны үшін» және «Астана» медалімен, Қазақ КСР-нің Құрмет грамотасымен марапатталған. «Ильхам» Халықаралық сыйлығының лаураеты, Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының Құрметті азаматы.
   Іс-шараға белгілі мәдениет және өнер қайраткерлері, ақын-жазушылар,  оқырмандар мен БАҚ өкілдері қатысады.

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование