KZ     RU     ENG
Сейсенбі, 17 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14883217
2019 жылы:  16932
бүгiн:  1
қазiр:  33
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

18.01.2019

   2019 жылғы 25 қаңтар, сағ. 15.00-де Н.Дәулетова атындағы залда ақын, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, М. Мақатаев атындағы сыйлықтың екі мәрте иегері, Айтыс ақындары мен жыршы, термешілердің Халықаралық Одағының басқарма төрағасы  Жүрсін Ерман Молдашұлының бес томдық шығармалар жинағының тұсаукесері өтеді. 
   Жүрсін Ерман Молдашұлы 1951 жылы 12 ақпанда Қарағанды облысының бұрынғы Қарсақпай ауданындағы Сталин ұжымшарында туған. Еңбек жолын 15 жасында Жезді аудандық  «Октябрь туы» газетінде әдеби қызметкер болып бастаған. 1978-1980 жылдары Жезқазған облыстық теледидарында бас редактор, 1983-1992 жылдары Қазақ республикалық теледидарында бас редактор қызметін атқарды. «Қазақ әдебиеті» газетінің, «Жұлдыз» журналының поэзия бөлімдерін басқарды. 2006-2010 жылдары Қазақ радиосының және «Қазақстан» ұлттық телеарнасының бас директоры қызметтерін атқарған. 2013-2016 жылдары Республикалық Кітап мұражайының директоры болып қызмет  істеді. Ақынның «Жанартау», «Арайлы күн, армысың!», «Ұлытауға бардың ба...», «Құдіретке жүгіну», «Екі тізгін, бір шылбыр», «Құстың көлеңкесі», «Ырғай», «Арнадым сізге», «Көктөбедегі кездесулер», «Алыстан және жақыннан», «Асыл Ажар», «Ұларың қайда Ұлытау» атты кітаптары жарық көрген.
Көп томдық шығармалар жинағының 1,2-томында Жүрсін Ерманның таңдамалы өлеңдері топтастырылған.
   Кітаптың 3-томында ақынның көркем очерктері, Өзбекәлі Жәнібеков, Оралхан Бөкей, Ақселеу Сейдімбек, Сағат Әшімбаев секілді тау тұлғалар жайлы естелік-эсселері топтасқан.
   Шығармалар жинағының 4-томында Тұманбай Молдағалиев, Фариза Оңғарсынова, Ұлықбек Есдәулет қатарлы қазақ әдебиеті алыптарының Жүрсін Ерман жайлы лебіздері және белгілі сыншылардың әдеби-сын мақалалары, ақындардың арнау өлеңдері берілген.
   Кітаптың 5-томы Жүрсін Ерманның ақындар айтысын жаңғырту жолындағы қиыншылықтары жайлы және ақынның өмірі мен өлеңі жөнінде сыр сұхбаттары топтастырылған.
   Іс-шараға белгілі мәдениет және өнер қайраткерлері, ақын-жазушылар,  оқырмандар мен БАҚ өкілдері қатысады.

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование