KZ     RU     ENG
Сейсенбі, 17 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14883186
2019 жылы:  16901
бүгiн:  1
қазiр:  8
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

28.01.2019

   2019 жылғы 25 қаңтарда Е.Тұрсынов киноклубында ақын, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, М.Мақатаев атындағы сыйлықтың екі мәрте иегері, Айтыс ақындары мен жыршы, термешілердің Халықаралық Одағының басқарма төрағасы  Жүрсін Ерман Молдашұлының бес томдық шығармалар жинағының тұсаукесері өтті. 
   Іс-шараны   Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев құттықтау сөзімен ашты. Көп томдық шығармалар жинағының 1,2-томында Жүрсін Ерманның таңдамалы өлеңдері топтастырылған. Кітаптың 3-томында ақынның көркем очерктері, Өзбекәлі Жәнібеков, Оралхан Бөкей, Ақселеу Сейдімбек, Сағат Әшімбаев секілді тау тұлғалар жайлы естелік-эсселері топтасқан. Шығармалар жинағының 4-томында Тұманбай Молдағалиев, Фариза Оңғарсынова, Ұлықбек Есдәулет қатарлы қазақ әдебиеті алыптарының Жүрсін Ерман жайлы лебіздері және белгілі сыншылардың әдеби-сын мақалалары, ақындардың арнау өлеңдері берілген. Кітаптың 5-томы Жүрсін Ерманның ақындар айтысын жаңғырту жолындағы қиыншылықтары жайлы және ақынның өмірі мен өлеңі жөнінде сыр сұхбаттары топтастырылған.
   Кеште Жүрсін Ерманның өлеңдері оқылып, айтыскер ақындар арнау айтып, Медеу Арынбаев, Сейхун тобы ән салды. Сондай-ақ, оқырман қауымның назарына ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан Жүрсін Ерманның өмірі мен шығармашылығына арналған «Ұлытаудың ұлымын» атты көрме ұйымдастырылды.
   Іс-шараға Асанәлі Әшімов, Ғалымжан Мелдеш, Амангелді Ермегияв, Дәулет Тұрлыханов, Смағұл Елубай, Ғалым Жайлыбай және т.б. қоғам және мәдениет қайраткерлері, айтыскер ақындар қатысып, сөз сөйледі.
   Іс-шараны белгілі ақын, журналист Жанарбек Әшімжан жүргізді.


       

      

 

 

               

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование