KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14888762
2019 жылы:  22477
бүгiн:  1
қазiр:  86
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

22.12.2006
ҚР Ұлттық кітапханасында Түрік Орталығының
 ашылу рәсімі
 
ҚР Ұлттық кітапханасы                                          22 желтоқсан 2006 жыл
1-ші қабаттағы Көрме                                                   16:30
 
БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗ
    Қазақстан мен Түркияны мэдениет, тіл жэне рухани ортақтық біріктіреді. Және осы сабақтастық жаңа идеялар, жобалар, бірлескен мәдени шаралар жасауға шабыттандырады.
   Қазақстан-түрік байланыстарының жан-жақты жэне өте жылы екені соншалық, ҚР Ұлттық кітапханасының жанынан Түрік Орталығын құру жобасына түрік мэдениеті мен тіліне бей-жай қарамайтындардың барлығы қызу қолдау көрсетті.
   Осы жобаның демеушілері Қазақстан ¥лттық кітапханасы, Түркияның Қазақстандағы Елшілігі, Қазақстан, Түркия бизнесмендерінің қауымдастығы, (ҚАТИАД) және түрік компанияларының Бірлестігі бүгін салтанатты түрде түрік Орталығын ашады, Орталық өз оқырмандарына жалпы түрік мәдениеті туралы ақпараттық ресурстар ұсыну арқылы өзінің функцияларын кеңейтеді.
   Осы жоба ҚР ¥К «Жібек жолындағы Керуен сарай» Мегажобасының бір бөлігі болып табылады. Түрік Орталығы - ҚР ¥К жанында қазір жұмыс істеп тұрған Қытай, Үндістан, Иран, Ресей мэдени Орталықтарының бірі. «Керуен-сарай» Қазақстан Ұлттық кітапханасының интеллектуалды аумағын игере отырып, нық қадаммен ілгері қарай басуда, Пәкістан Орталығы мен ағылшын тілдес мәдениет және ақпарат Орталығының да нобайы көкжиектен көрініп қалды.
   Жоғарыда аталған Орталықтар сияқты түрік Орталығы да Қазақстан және Түркия халықтарының арасындағы өзара түсіністікті тереңдету және достықты нығайту, Түркияның тарихы, мәдениеті, әдебиеті мен өнері туралы ақпарат тарату мақсатымен құрылды.
    Орталықта Түркияның бүкіл білім салалары бойынша көкейтесті әдебиет (1000 атаудан асады), түрік қолданбалы өнерінің заттары бар. Орталықтың көрермендері үшін ТВ, фильмдер көрсетіледі, барлық тілек білдірушілерге түрік тілін үйрету курстары қарастырылған.
   ҚР Ұлттық кітапханасы жобаның тікелей ұйымдастырушылары мен демеушілерін қабылдайды, олар: Түркияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Х.Танер Себен мырза, Қазақстан және Түркия бизнесмендері Қауымдастығының Президенті Зеки Пилге мырза.
     Осы рәсімді ұйымдастырушылар достық райда, өзіндік мәдениет пен көтеріңкі көңіл-күй ауанындагы ұмытылмас мерекемен қонақтарды қуанышқа бөлейді.

Байланыс телефондары: 267-28-74, 267-28-67 , 267-28-83

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование