KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14888796
2019 жылы:  22511
бүгiн:  1
қазiр:  78
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

17.01.2007
Баспасөз-релиз
 
ҚР Ұлттық кітапханасы                                                            17 қаңтар 2007 жыл.
Алматы, Абай даңғылы, 14                                                                 11:00
 
   Үстіміздегі жылдың 17 қаңтары күні сағат 1100-де ҚР Ұлттық кітапханасында  Серікбол Қондыбайдың (1968-2004 жж.) соңғы екі жылда жарық көрген: «Қазақ даласы және герман тәңірлері» (қазақ және орыс тілдерінде), «Жауынгерлік рух кітабы» (қаз.), «Эстетика ландшафтов Мангистау» (орыс.), «Маңғыстаунама» (қаз.), «Есен-қазақ» (қазақ тілінде қайта басылған) сынды кітаптарының тұсаукесер рәсімі болады. 
   Жағырапияға маманданған С.Қондыбай бала жасынан тарих және мифологияға  үлкен ықылас білдіріп, ден қойды. 1995 жылы автомобиль апатына ұшырап, өз ауылы Маңғыстау облысының  Шетпе ауылында  төсек тартқан мүгедек болғаннан кейін, ол өзінің бар білімі мен дарынын туған халқының мүддесіне оның тарихы мен руханиятын көркейтуге жұмсауды ғана ойлады. Ауыр дертке, ғылыми ортаның, кітапхананың  жоқтығына қарамастан, ол, түрік көшпенділерінің әлемдік тарихтағы орны мен маңызын қайта қарауға мүмкіндік беретін бірқатар  концепцияларды тиянақтап шығарды. Ол, мифологияны реконструкциялау арқылы ұлттың,  нәсілдің руханияты мен интеллектуалдық қажыр-қайратын түлетуге болады деп білді.
   «Қазақ даласы және герман тәңірлері» кітабы қазақ фольклоры мен герман-скандинав мифологиясының салыстырмалы анализіне арналған. («Үлкен Эдда», «Набелунгтар  жайындағы жыр» және т.б.), «Есен-қазақ» кітабында С.Қондыбай «Қырымның қырық батыры» жырын талдай отырып қазақ энтогенезінің  жаңа концепциясын  ұсынады. «Маңғыстаунама» мен «Эстетика ландшфтов» – бойына тарихи-жағырапиялық, мәдениеттанушылық, әдеби және лингвистикалық зерттеулерді  астастырған өлкетанушылық  еңбектің үлгісі.
   Сондай-ақ С.Қондыбай зерттеуші және аудармашы ретінде Мемлекеттік «Мәдени мұра» аясындағы 10 томдық «Әлемдік мәдениеттанушылық ой»  жинағын шығаруға да белсене араласты.
    С.Қондыбайдың кітаптары мамандарға және сондай-ақ тарих пен мәдениет-тануға ден қойған  оқырмандарға арналған.
Тұсаукесу рәсіміне қош келдіңіздер !
 
Байланыс телефоны: 267-28-66 
« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование