KZ     RU     ENG
Сенбі, 05 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15066594
2019 жылы:  132129
бүгiн:  503
қазiр:  3
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

08.02.2007
                           Баспасөз хабарламасы
 
       Қазақстанның тарихында тұңғыш рет, 2007 жылы 8 ақпанда 10.00-де  ҚР Ұлттық кітапханасында (Абай даңғылы Абылайхан даңғылымен қиылысы) Қазақстан халықтары Ассамблеясының Республикалық қоры, ҚР «Дустлик» өзбек қауымдастығының Ресми өкілдігі және ҚР ұлттық кітапханасы «Времен связующая нить» (уақыттарды сабақтастыратын желі) тақырыбына халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізеді, ол ұлы ғұлама-ойшылдар Әлішер Навои мен Абай Құнанбаевтың шығармашылық мұрасына арналады. Конференция шеңберінде Әлішер Навои мен Абай Құнанбаев қолжазбаларының көрмесі, сондай-ақ қазақ және өзбек халықтарының арасындағы достық, екі мемлекеттің жетістіктері туралы баяндайтын кітап көрмесі және сурет көрмесі ұйымдастырылады.
      Осы іс-шараға қатысатындар: Қазақстан халықтары Ассамблеясы Республикалық қорының бас директоры В.И.Гребнев; ҚР Ұлттық кітапханасы бас директорының орынбасары Е.И.Исмаилов; ҚР «Дустлик» өзбек қауымдастығының Ассамблеядағы Ресми өкілі С.Х.Турсунметов; БҰҰ Қоғамдық Ақпарат Секретариаты Департаментінің басшысы В.Самек; ЮНЕСКО-ның Қазақстандағы Кластерік Бюросының басшысы Т.Виртанен; Қазақстан Ұлттық ғылым Академиясының  Президенті М.Журинов; ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері, ҚР туының авторы Ш.Ниязбеков; академик О.Айтбай; Өзбекстан, Тәжікстан, Пәкістан, Ауғанстан, Үндістан, Палестина, Чехия, Иран елдерінің төтенше және Өкілетті елшілері; халықаралық ұйымдардың өкілдері, әйгілі ғалымдар мен академиктер; республикалық, аймақтық және облыстық  ұлттық – мәдени орталықтардың төрағалары, республикалық қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, Қазақстан халықтары Ассамблиясының жастар одағы; халыаралық және  отандық БАҚ.
 
Анықтама телефоны:             2724-726,  2724-670 
 
 
« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование