KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14888711
2019 жылы:  22426
бүгiн:  1
қазiр:  67
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

06.04.2007
Баспасөз-релиз
 
Қазақстан Республикасы                                                       6 сәуір 2007 ж.
Ұлттық  кітапханасы                                                                    11-00.
Мәдени бағдарламалар Орталығы
 
     2007 жылғы 6 сәуірде ҚР Кітапханасының мәжіліс залында «Аманат» - таным әлемі» баспасынан «Ойнайық та ойлайық» сериясымен шыққан кітапшалардың тұсаукесері болады. Кітапшалардың авторы-көрнекті математик, академик-ғалым Аскар Жұмаділдаев, Рәсімге филология ғылымының докторы, академик Әбдуәли Қайдар, тарих ғылымдарының докторы Амангелді Құсайынов, белгілі мәдениеттанушы Мұрат Әуезов, республикалык «Ұлан» газетінін бас редакторы Сұлтан Қалиев, республикалық басылымдар мен радио-телеарналардың өкілдері және оқырман көпшілік қатысады.
    «Аманат» - таным әлемі» жобасының жетекшілері қазіргі әлеуметтік сүранысты ескере отырып, балабақша тәрбиеленушілері мен мектеп окушыларына арналған қазақ тіліндегі ғылыми-танымдык әдебиет нұскаларын әзірлеуді қолға алды. Баспа құрамында энциклопедиялық-аныктамалық кітаптарды әзірлеп, шығаруға маман-данған журналистер мен суретші дизаинерлер сондай-ақ авторлар тобы жұмыс істейді.
   «Аманат» - таным элемі» жобасы әзірше «Ойнайық та ойлайық», «Балалар энциклопедиясы», «Окулыққа қосымша» «Жаратылысқа жаңаша көзқарас», т.б, сериялардан тұрады.
   «Ойнайық та ойлайық» сериясы негізінен, бүлдіршіндер мен бастауыш класс оқушыларының ойлау жүйесін, ой-өрсін жетілдіріп, нақты пән салаларына ынтасын арттыруға жәрдемдесетін кітапшалар легін шығаруды максат етеді. Бүгін тұсауы кесіліп отырған басылымдар А.Жұмаділдаевтын 3-12 жасар балаларға арналған                         5 кітапшасы осы серияның алғашқы легі.
   «Балалар энциклопедиясы» сериясы мектеп окушыларына пән салалары бойынша Қазақстанның табиғаты мен тарихи, мәдени даму жолдарын, экономикалық, әлеуметтік потенциалын жан-жақты танытатын анықтамалықтар шығаруды көздейді. Қазіргі кезде сол энциклопедиялардын төртеуі дайындалуда. Олар; «Менің ғажайып Қазақстаным жер тарихы - ел тарихы» (география-тарих), «Менің ғажайып Қазақ-станым: өсімдіктер әлемі» (ботаника), «Менің ғажайып Қазақстаным: жануарлар әлемі/омыртқасыздар» (зоол., биол.) «Менің ғажайып Қазақстаным: жануарлар әлемі/омыртқалылар» (биол.).
   Ал, «Оқулыққа қосымша» сериясы ұлттық мектеп оқушыларына жалпы білім беру бағдарламасынан тыс, альтернативті оқыту сипаты бар тың дерек көздері мен түпнұсқаларды таныстырып, олардың ой-өрісін, зерде-зейінін жетілдіре түсуге жәрдемдеседі. Осы серия бойынша әзірленіп жатқан «Орта ғасырдағы шығыс математиктері», «Математикалық ойлау жүйесі», «Математика әлемінде», «Жаратылысқа жаңаша көзқарас немесе Дарвин неден қателесті?» деген кітаптар тек мектеп окушыларына ғана емес, соңдай-ақ, пән мүғалімдеріне де методикалық әрі практикалық жағынан өте пайдалы.
 
«Аманат» - таным әлемі» баспасы                                     Қазақстан Республикасы
Тел/факс: 230 26 78.                                                             Ұлттық  кітапханасы
                                                                                                 тел. 267-28-66.
« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование