KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14888799
2019 жылы:  22514
бүгiн:  1
қазiр:  80
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

13.03.2007
Баспасөз-релиз
 
Қазақстан Республикасының                                        13-14 наурыз 2007 ж.
Ұлттық кітапханасы                                                             10:00            
 
   Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасы жанындағы  Иран және Орталық Азия халықтарының  мәдениетін зерделеу жөніндегі  Орталық ұлы парсы-тәжік ақыны Балхи Румидің 800-жылдығына  арналған «Мавлоно Джолаладдин Балхи Руми және әлемдік өркениет»  аталатын халықаралық  конференция  өткізеді.  Конференцияға Қазақстан, Иран, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Ауғаныстан  және өзге де елдердің ғалымдары қатысады.  Осы халықаралық форумда ұлы ақын және ойшыл, Софы Мавлоно Джалаладдин Балхи Румидің шығармашылығы  туралы түрлі тақырыптарды талқылау  жоспарланып  отыр.
   Софылықтың маңызы ислам халықтары мәдениет  тарихында ғана емес,  сонымен бірге әлемдік  мәдениет тарихында да зор, әрі көп қырлы. Софылықтың  аса көрнекті өкілдерінің бірі мұсылман  әлемінің ХІІІ  ғасырдағы ұлы ақыны Мавлоно Джалаладдин Балхи Руми болды. Тұлға жолында Румидің баға жетпес рухани үлесін таныған ЮНЕСКО 2007 жылды Халықаралық Руми жылы деп жариялады. Ол ізгілікті, сұлулық пен Ақиқатты жырлаған ақын.
   Румидің шығармашылығы, соның ішінде «Мауснауи»  көп томдық поэзиялық  еңбегі («Жасырын мағына туралы дастан») ұлы әдеби шығарма болумен қатар ислам  мистицизімінің  өзіндік энциклопедиясы іспеттес.
   Руми 1207 жылы қазірі Ауғаныстанның солтүстігіндегі Балх қаласында аса көрнекті пірадар  Бахааддин  Воладтың отбасында дүниеге келді,  ол өзін ұлы парсы-тәжік софысы Мухаммед әл-Ғазалидің рухани мұрагері деп  есептеді.
   Румидің келесі тәлімгер-ұстазы   ұлы софы-ақын Фаредаддин  Аттар болды, ол Румидің  әкесімен кездескеннен кейін Джалаладдинді көрсетіп, былай деді: «Сенің ұлың дүние туралы  қайғы-қасірет шеккендердің жүрегіне от  маздататын  уақыты тым алыс емес».
    Сондай-ақ ұлы ойшыл Ибн әл-Араби, әкесіне ілесіп бара жатқан  Румиді көріп, қатты дауыстап жіберіпті деседі: «Көлге ілесіп бара жатқан мұхитты, қараңдаршы».
Аттар сыйлаған «Құпиялар кітабын» Руми өмір бойы серік етті, қуанған, қайғырған сәттерінде ұдайы кітапқа жүгініп, кітаптан өзінің жанын мазалаған  сұрақтарға жауап табатын еді.
   Руми қуатының көзі – адамзат шегіндегі махаббат,  бірақ ол біржола құдайдың  құдыретінде.  Қасиетті де киелі болмысты  Румиден артық  жырлаған ешкім жоқ. Мавлоно Джалаладдин Балхи Руми 1273 жылы Конья қаласында  дүниеден өтті.
 
Анықтама телефоны:  272-49-56
« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование