KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14888660
2019 жылы:  22375
бүгiн:  1
қазiр:  19
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

23.02.2007
БАСПАСӨЗ  ХАБАРЛАМАСЫ
 
Қазақстан Республикасының                                                   23 ақпан 2006 ж.
Ұлттық кітапханасы                                                                  15.00-де. 
Қытай мәдениеті Орталығы                                   
     
    Көктем мерекесі – Қытайдың дәстүрлі Ай күнтізбегі бойынша Жаңа жылдың  басталуы. Қытай жаңа жылы Григориан күнтізбесі бойынша 20-шы қаңтар мен 20-шы ақпан арасындағы бірінші  жаңа ай туған мезгілде келеді және оның ежелгі тарихы бар, тәңірлерге құлшылық етуге және ата-бабалардың аруақтарын еске алуға бағыштап жылдың басы мен аяғында құрбандық шалатын  салт Шан дәурінде қалыптасқан (шамамен б.д.д. XVI-XI ғғ.)
    2007 жылы Қытай Жаңа жылы, немесе Чуньцзе 18-ші ақпанда басталды және Доңыз белгісімен өтеді. Қытайда Жаңа жылды мерекелеу 15 күнге созылады. Қытай мәдениет Орталығы Чуньцзені 23 ақпанда, бірінші туған Жаңа айдың алтыншы күнінде атап өтеді. Нақ сол алтыншы күннен бастап оныншы күнге дейін қытайлықтар өз уақыттарын барыс-келіске арнайды - туған-туыстарына, достарына қатынайды. Сонымен қатар олар храмдарға барып, сәттілік пен денсаулық тілеп жаратқанға мінәжат етеді.
    Бұл көптеген рәміздік рәсімдер мен дәстүрлерге толы біраз уақытқа созылатын мереке. Барлығы түгел қатысатын ең түсінікті және жалпыға бірдей таралған рәсім бас қосып шай, бір шыны көк шай ішу болып табылады. Көк шайды Қытайда бірнеше мыңдаған жылдар бойы пайдаланып келеді. Кейінгі кезде біз көк шайдың денсаулықты айтарлықтай нығайтатыны туралы барған сайын көбірек біле түсудеміз. Көк шайдың бойға даритын 27 пайдасы бар екен, сондықтан Қытай Жаңа жылын мерекелеу, шамасы, ең пайдалы дәстүрлердің біріне айналса керек, осы дәстүрді Батыстағы адамдардың қабылдауы да ғажап емес. Дәстүрлі отырыс ән салумен аяқталады. Ән айтуды қытайлар ұнатады және айта біледі. Ешқандай қысылып-қымтырылмастан, бір-біріне қосылып ән шырқайды, оны жарқын күлкімен және қол шапалақтаумен қошеметтеп қояды.
    Ай күнтізбесі бойынша биылғы Жаңа жылды мерекелеуді Е-МА, қытай компаниясының  қолдау көрсетуімен, Қытай мәдениет Орталығы, қытай тілін үйреніп жүрген Алматыдағы ЖОО мен колледждер студенттерімен бірлесіп ұйымдастырды.
    Мерекенің бағдарламасында музыка, ән-би, викториналар, дәстүрлі қытай гимнастикасы бар. Іс-шараға қатысушыларға ескерткіш сыйлықтар тапсыру және шай ішу рәсімі ұйымдастырылады.
 
Анықтама телефондары: 267-28-83,  267-28-74
« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование