KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14888832
2019 жылы:  22547
бүгiн:  1
қазiр:  81
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

11.04.2007
Баспасөз-хабарламасы
 
Қазақстан Республикасының                                      11 сәуір 2007 ж.
Ұлттық кітапханасы                                                                     11-00
Мәдени бағдарламалар Орталығы
 
   2007 жылдың 11 сәуірінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 ақпандағы № 32-Р Республикалық деңгейде атап өтетін мерей той даталары жөніндегі өкіміне сәйкес Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі мен ҚР Ұлттық кітапханасы қазақтын аса көрнекті ақыны Ғ.Ормановтың 100 жылдығына орай ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған көрме және оқырмандармен конференция өтеді.
    Ғ.Ормановтың алғашқы өлендері 1928 жылдан баспа жүзінде шыға бастады. Тұңғыш өлендер жинағы «Шеңбер» деген атпен 1934 жылы жарық қөреді. «Шәуілдір» (1934), «Алынған қамал» (1935) поэмалары,  «Абысын сыры» (1936) жыр кітабы, «Көтерме», атты прозалық жинағы  (1935)  жарыққа шықты. «Өмір дастаны» (1948), «Бөбек жүрегі» (1949), «Сәт сапарда» (1957), «Ой қанаты» (1961),  «От өзен» (1965), «Жер қазығы» (1972), «Жыр қанаты» (1975),  «Жылдар жыры» (1976), т.б. өлең жинақтарында әлеуметтік оқиғаны суреттеуде ақындық шеберлік танытты.
    Ұлы Отан соғысы жылдары ақын «Халық - қаһарман» (1941), «Емен» (1944) деген өлеңдер жинағын ұсынды. Ақынның шұрайлы өлеңдері 1950 жылы шыққан Таңдамалы шығармалар жинағына енді. 1957 жылы Ғ.Ормановтың таңдамалы шығармалары жеке кітап болып шықты.  
   Өмірінің соңғы жылдарында Ғ.Ормановтың қаламынан тағы да бірқатар өлеңдер мен поэмалар туды.
   Ғ.Орманов, А.С.Пушкинің, М.Ю.Лермонтовтың, В.В.Маяковскийдің, Л.Соболевтің, Н.Тихоновтың, Ян Райнистің бірқатар шығармаларын, Л.Н.Толстойдың «Анна Каренина», романын, Н.В.Гогольдің «Нева проспектісі», А.П.Чеховтың бірінеше әңгімелерін, М.Бубенцовтың «Ақ қайың романын», М.Тұрсын-Заденің «Үндістан балладалары» өлең кітабын қазақ тіліне аударды.
   Осы іс-шара шеңберінде «Майталман лирик» атты кітап көрмесі ұйымдастырылады.
  Конференцияға ақынның қызы, көрнекті мәдени-қоғам қызметкерлері, зиялы қауым, жазушылар, студент-жастар қатысады.
 
Байланыс телефондар: 267-28-66
 
« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование