KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14888749
2019 жылы:  22464
бүгiн:  1
қазiр:  85
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

20.04.2007
                               Баспасөз  хабарламасы
 
ҚР Ұлттық кітапханасы                                        20 сәуір 2007 ж.
                                                                                           15-30
 
   Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының жанындағы Иран және Орталық Азия халықтарының мәдениетін зерделеу жөніндегі Орталық аса көрнекті ғалым және осы заманғы қоғам қайраткері,  Ислам Иран Республикасының  бұрынғы Президенті,  доктор Саид Мухаммад Хотамимен кездесу өткізеді.
    Сонымен қатар «Наурыз магиясы» кітабының тұсаукесері болады, кітапта Наурыз,  осы ежелгі,  бірақ мәңгі жас мерекенің  тарихы мен табиғаты  туралы ең мазмұнды да құнды материалдар жиналған.
   Кітаптың  алғысөзін ең ізгі  тілектермен доктор Саид Мухаммад  Хотами жазды.
   Жинаққа Абурайхан Бируни мен Омар Хайямның әйгілі туынды-ларымен қатар белгілі ресейлік, қазақстандық, ирандық, тәжік ғалымдры мен өзге де  зерттеушілердің көне Иран күнтізбесі  бойынша жаңа жыл – Наурыз мерекесіне арналған мақалалары енді.
   Кітап қалың оқырмандарға Наурыздың пайда болу тарихымен  жақынырақ танысуға мүмкіндік туғызып, осы мерекенің әр халықтағы  ерекшелігі, түрлі мәдениеттер мен дәстүрлердің өзара енуі мен өзара ықпалы туралы баяндайды.
   Жинақ көне замандардан бері бүгінгі осы уақытқа дейін Ирандағы,  Орталық Азиядағы, Закавказьедегі және кейбір шығыс елдеріндегі  халықтар мерекелейтін осы шуақты  мереке туралы оқырманға  құнды ақпарат береді.
   Осы іс-шара 2007 жылы 20 сәуірде сағат 15.30-да ҚР Ұлттық кітапханасының ғимаратында өтеді. Мекен-жайымыз: Алматы қаласы, Абай даңғылы, 14.
 
Байланыс телефондарымыз:
272-49-54 (ҚР Ұлттық кітапханасының қабылдау бөлмесі)
272-49-56 (Иран және Орталық Азия халықтарының мәдениетін зерделеу Орталығы)
« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование