KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14888681
2019 жылы:  22396
бүгiн:  1
қазiр:  39
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

24.04.2007
Баспасөз хабарламасы
 
ҚР Ұлттық кітапханасы                               24 сәуір 2007 ж.
Мәдениет бағдарламалар                                    11-00
Орталығы
 
   2007 жылы 24 сәуірде, сағат 11-00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханапасында ағайынды Тұрсынжан, Махмұт, Айтберген Кұлментегі Жетенұлдарының «Темірші-ұсталар» атты альбомының тұсаукесер рәсімі өтеді.
   Альбом Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің мемлекеттік бағдарламасы бойынша «Қазақ өнерінің қайраткерлері» сериясымен шығарылып отыр. Альбом «Өнер» баспасында жарық көрді. Көркемдік жобаның авторы осы баспаның  директоры және өнер зерттеуші Әшірбек Көпіш мырза.
  Кітап бөлімдерінің тақырыптық-танымдық жүйесін көркемдеп фотосуреттердегі заттай айғақтардың атауы мен түсініктерін жазған және альбомның дизайнерлік нұсқасын ұсынған – Қазақстан Республикасы Дизайнерлер одағының мүшелері – Тұрсынжан, Махмұт, Айтберген Жетенұлдары.
   Альбом үш бөлімнен тұрады: Бірінші бөлім – қару-жарақ, екінші бөлім – саз аспаптар, үшінші бөлім – тұмыстық бұйымдарға арналған.
   Ағайынды үш ұста 1977 жылдан бастап халқымыздың ежелгі замандардан келе жатқан темірші-ұсталық өнерін қайта қалпына бабаларымыздың әскери жорықтарда қолданған қару-жарақ, сауыт-сайман үлгілерін қалпына келтіру жолында ұдайы ізденіп келеді. Ежелгі  темір өңдеу тәсілдерін кәзіргі XXI ғасырдағы өмірімізге лайықтап қайта жаңғыртып, бүкіл еліміздің игілігіне айналдырды.
   Үш ұстаның темірден түйген ісмерлігі – тарихи-этнографиялық зор маңызы бар үлкен сала. Олардың еңбегі бұл күндері – бүкіл Қазақстанға және шет елдерге жақсы танымал.
    Тұсаукесер рәсіміне орай кітап көрмесі ұйымдастырылған.
   Кітаптың тұсаукесеріне көрнекті ғалымдар, өнер зерттеушілер, кітапхананың оқырмандары қатысады.
 
Байланыс телефоны: 267-28-66
« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование