KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14888814
2019 жылы:  22529
бүгiн:  1
қазiр:  77
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

25.05.2007
«Тәуелсіздік бізге бұрын-соңды
                                                                                                     көрмеген   орасан   зор
                                                                                                     мүмкіншіліктер берді...»
                                                                                                                          Н.Ә.Назарбаев            
Баспасөз – релиз
 
             М.О.Әуезовтің музей үйі                                              25 мамыр 2007 жыл
                     Конференц-зал                                                                сағ.11-00
 
   Тәуелсіздігіміздің ірге тасы бекіген сайын ҚР Ұлттық кітапханасының шетелдік достары көбейе түсуде. Бұл достарымыз қазақ халқының мемлекеттік тілінің дамуына, әдебиеті мен  мәдениетінің  өркендей түсуіне демеушілік жасап жүр.  Еліміздегі  «Samsung Electronics»  компаниясыда  үш  жыл бойы әдебиет саласындағы байқаулардың демеушісі. «Samsung Electronics»  компаниясына Қазақстанның зиялы қауымы атынан шын жүрегімізден үлкен алғыс білдіреміз.
   2007 жылдың 25 мамыры күні сағ. 11.00-де М.О.Әуезовтің музей-үйінде «Қазіргі заман тақырыбына арналған үздік романдар» байқауының қорытындысы жарияланады.
Байқаудың негізгі мақсаты:   Халқымыз қолдан-қолға тигізбей таласа оқитын қазақ тіліндегі романдарды дүниеге әкелдіру. Қазіргі кезеңдегі қоғамда болып жатқан құбылыстар мен оқиғаларды көркем тілмен суреттеген ұлтының, уақыттың ары болатын таңдаулы шығармаларды күткенбіз. Шығармаларды   2007    жылдың   1-мамырына   дейін    қабылдадық.  Байқауға 24 роман келіп түсті. Әрине біз жариялаған жақсы іске белсенділік көрсетіп өз шығармаларын бәйгеге қосқан авторларға жүрек жарды алғысымызды білдіреміз. Роман жүгі ауыр – дегендей роман жазу оңай емес. Бұл үлкен еңбек.
   Романдар байқауын жариялар алдында ақпарат құралдары қатыстырылып пресс-конференция ұйымдастырылған. Бұл пресс-конференция жұмысына атақты жазушылар, сыншылар, әдебиет-танушы ғалымдар және  «Samsung Electronics»  компаниясы өкілдері қатысты. Осы конференция үстінде әділ қазылар алқасы бекітілді. Үздік 3 романға ақшалай сыйлық беріледі деп ұйғарылды. Қазылар алқасының төрағасы атақты жазушымыз Смағұл Елубаев.
   «Қазақ әдебиеті»,  «Ана тілі», «Әдебиет айдыны», «Литера-турная газета Казахстана» т.б. газеттерде,  «Айт», «Жұлдыз» журналында бәйгеге байланысты хабарландырулар жарық көрді.
   Байқаудың нәтижелі болуы үшін жас жазушылар арасында Смағұл Елубай шебер класс өткізді. Бірнеше рет Әбдіжәміл Нұрпейісовтей әйгілі жазушылардың қатысуымен дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды. Қазылар алқасының көптеген отырыстары болды. Байқауға қатысқан романдар түгелінен оқылды. Кейбір романдар қайта-қайта оқылған соң ғана бағасын алды. Байқаудың аты байқау 24 романның бәрі бірдей жеңімпаз бола алмайды. Біз берген қазіргі заман тақырыбына көркем тілмен, әбден пісіріліп жазылған роман болмағандықтан, қазылар алқасы бірінші орынды бос қалдырып, тарихи тақырыптарды қамтыған романдар марапатталатын болды. Әрине, филология ғылымдары-ның докторы, профессор, қазылар мүшесі Аслан Жақсылықов  «Байқауға бүгінгі дәуірді бейнелейтін роман түспей тұр» - деп «Әдебиет айдыны» (23.11.2006 ж.) бетінде жар салғанымен, одан еш нәтиже шыға қоймады.
   Сонымен І-ші орын бос
-          екі – екінші орын
-   екі – үшінші орын тағайындалды.
   2005 жылы бірінші байқау жас әдебиетшілер арасында өткізіліп, 20-ға жуық жас әдебиетшілер қатысып, жүлделі 3 орынға компьютерлер силыққа берілді. «Раритет» баспасынан «Көк күмбез»  атты жинақ жарық көрді.
   2006 жылы драматургия саласындағы байқауға 41 шығарма келіп түсіп, 33 автор қатысты. 5 автор жүлдегер атанып, қорытындысында «Театр - өмір» атты 2 томдық пьесалар жинағы «Арыс» баспасынан кітап болып шықты. Драматургия саласындағы байқаудың қазылар төрағасы мемлекеттік силықтың иегерлері Дулат Исабеков, Әшірбек Сығай еді.
    Осы үш байқауды ҚР Ұлттық кітапханасы «Samsung Electronics»   компаниясымен біріге отырып өткізіп, қазақ халқына қазақ тілінде жазылған қаншама рухани байлық берді.
     25 мамыр күні, бүкіл зиялы қауымды қасиетті шаңырақ М.О.Әуезовтің музей-үйіне жүлдегер романдардың авторларын марапаттайтын мерекеге шақырамыз.
       Әдебиет тойы, халық тойы.
Қош келдіңіздер!
 
Мекен-жайы: М.О.Әуезов үйінің мұражайы, М.Төлебаев көшесі, 185
Байланыс телефондары:   272-31-30;    267-28-48
Тел/факс   267-28-83
« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование