KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14888834
2019 жылы:  22549
бүгiн:  1
қазiр:  82
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

18.06.2007
Баспасөз хабарламасы
 
М.О.Әуезов Мұражай-Үйі                                                   18 маусым 2007 жыл
                                                                                                                сағ. 11-00-де 
 
     ҚР Ұлттық кітапханасы мен «Мұхтар Әуезов қоры» Қоғамдық Қоры 2007 жылы 18 маусымда сағат 11-00-де Н.Анастасьевтың «Трагедия триумфатора: Мухтар Ауэзов - судьба и книги» кітабының тұсаукесерін М.О.Әуезов Мұражай-Үйінде өткізеді.
     «Мұхтар Әуезов қоры» Қоғамдық Қорының қызметі заманымыздың ұлы жазушысы, қазақ және жалпы түрік әдебиетінің классигі Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің мәдени мұрасын сақтауға, оның өмірі мен шығармашылығы туралы деректер таратуға, жазушының мәдени мұрасын зерттеудің толыққанды жүйесін құруға бағытталады.
     «Өнегелі адамдар өмірі» сериясынан Мәскеуде шыққан бірінші басылымның жаңа нұсқасы М.О.Әуезовтің Жапонияға, Үндістанға жасаған сапарларымен едәуір толықтырылды және нақтыланды.
     Белгілі жазушы және шетел әдебиеті классикасының зерттеушісі Николай Аркадьевич Анастасьев ұлы жазушы М.О.Әуезовтің мәдени және гуманитарлық– ғылыми мұрасының, ауқымды мұрағаттық құжаттардың, ұлы жазушының хаттарының, замандастарының бұрын белгісіз болған деректерінің негізінде қазақ әдебиеті классигінің жан-жақты портретін (бейнесін) жаңаша жасады.
     Автор Н.Анастасьев туралы қысқаша анықтама: Ол филология ғылымының докторы, М.Ломоносов атындағы МГУ (ММУ) профессоры, «Мәдениет» баспасының бас редакторы. Танымал әдебиеттанушы және сыншы-ғалымның еңбектері АҚШ, Еуропа, Ресей әдебиетіндегі ірі құбылыстарға арналған. Автордың шығармалары АҚШ-та, Германияда, Жапонияда басылып шықты Н.А.Анастасьев 20-дан аса монографиялардың және көптеген мақалалардың авторы. Солардың қатарында: әсіресе «Феномен Набокова», «Творчеcтво Эрнеста Хемингуэя», «Фолкнер», «Владелец Иокнапатофы», «Небо в чашечке цветка. Әбдижамил Нурпеисов и его книги в мировом литературном пейзаже» және т.б.       
 
Мекен-жайымыз:   М.О.Әуезов Мұражай-Үйі,
                                 Төлебаев көшесі 185
                                                 
Байланыс телефонымыз: 267-28-83, 267-28-79
                                              
« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование