KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14888805
2019 жылы:  22520
бүгiн:  1
қазiр:  81
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

20.11.2007
«Түрк тілдес және иран тілдес халықтар мәдениетінің өзара баюы мен өзара ықпалдастығы» халықаралық конференциясының
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
 
   Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының жанындағы Орталық Азия және Иран халықтарының мәдениетін зерделеу Орталығы, Қазақстан Республикасы БҒМ Р.Б.Сүлейменов атындағы  шығыстану институты  мен Иран ислам Республикасы Елшілігінің жанындағы мәдени өкілдігінің қатысуымен  «Түрк тілдес және иран тілдес халықтар мәдениетінің өзара баюы мен өзара ықпалдастығы» аталатын халықаралық  конференцияны 2007 жылы 20-21  қарашада өткізеді.
   Иран және түрк халықтарының байланыстары ғасырлар қойнауына тереңдеп кететініне және ұзақ замандар бойы тікелей өзара ықпалдастықта өмір сүріп, өзара тығыз байланыста болғанына қарамастан, өңірдегі халықтардың осы байланыстары, мәдениеттерінің  өзара ықпалы мен өзара баюы жеткіліксіз зерттеп-зерделенген.
   Көне замандағы және орта ғасырлардағы өңірдің  тарихы мен мәдениеті туралы мәлімет беретін бастапқы  деректердің басым көпшілігі  иран тілінде жазылған. Осы деректердің  көпшілігі әлі басқа тілдерге  тәржімаланбаған, сондықтан  әзірше өңірдегі  халықтарға беймәлім. Осыдан Иранға, парсы тіліне, өлкенің тарихына деген табиғи қызығушылық  туындайды.  Өз кезегінде Орталық Азияның  кітап сақтайтын қорларында,  соның ішінде Қазақстан Республикасының  Ұлттық кітапханасында  парсы тіліндегі орта  ғасырлардағы бірегей қолжазбалар сақталған, солардың кейіреулері  зерттеушілер үшін аса құнды дүниелер.
   1000 жылға таяу уақыт Иранды түрктер  басқарып келді. Сондықтан     иран және түрк халықтары ғасырлар бойы  бір-бірімен аралас-құралас тұрып,  бірін-бірі рухани байытқаны табиғи құбылыс.
   Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізген  жылдардың ішінде тек мемлекеттік құрылыс пен экономикада ғана емес, сонымен бірге еуразиялық  кеңістіктің  мәдениеті мен  өркениетін зерттеп-зерделеуде де орасан  жетістіктерге жетті.
   Қазақстан, Иран, Ресей және Орталық Азия республикалары  мамандары-ның қатысуымен  осы іс-шараны өткізудің  мақсаты – пікір  алмасу және өңірдегі халықтардың рухани-тарихи байланыстары жөніндегі мәселелерді  талқылау болып табылады. Өткенге көз салу әрқашан болашақты жақсырақ болжауға септігін тигізуге тиіс. Осындай іс-шара өңірдегі  халықтардың өзара түсіністігі мен өзара ықпалдастығына бағытталған.
   Конференцияға ҚР Ислам Иран Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Рамин Мехманпараст; ҚР БҒМ Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры, тарих ғылымының докторы, профессор Әбусейітова М.Х.; ҚР Иран Ислам Республикасы Елшілігі мәдени өкілдігінің жетекшісі Хасан Сафархани; Тегеран университетінің профессоры, филология ғылымының докторы Мохаммадали Ислами Надушан, филология және философия ғылымдарының докторы Асгар Додбех; филология  ғылымдарының докторы, профессор Махпиров В.У., филология ғылымының докторы, профессор Амирзода Субхон; Тегеран университетінің профессоры, филология ғылымының докторы Сирус Шамиса; ҚР Ұлттық кітапханасының бас директоры О.Исахов, тарих ғылымының докторы, профессор, ММУ Азия және Африка елдері институты директорының орынбасары Сыздыкова Ж., филология ғылымының докторы, Әл Фараби атындағы Қаз МҰУ профессоры Хамраев А., филология ғылымының кандидаты Қыргыз Республикасы ҰҒА  а.ғ.д. Жүсіпбеков А. және тағы басқалар қатысты.
Конференцияның өтетін орны: Алматы қаласы, Төлебаев көшесі, 185, М.О.Әуезов атындағы мұражай, конференция сағат 10.00-да басталады.
Байланыс телефоны: 272-49-56
 
 
Ұйымдастыру комитеті
« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование