KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14888827
2019 жылы:  22542
бүгiн:  1
қазiр:  82
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

25.02.2008
   2008 жылы 23 ақпан - 4 наурыз аралығында Араб Египет Республикасының Александрия кітапханасына Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасы (ҚР ҰК) тарапынан іссапарға кітапхананың Бас директоры О.И.Исахов  және Мәдени бағдарламалар орталығының директоры Г.К.Халықова қатысты.
   Бұл іссапар барысында Мәдениет саласын дамытудың 2006-2008 жылдарына арналған Мемлекеттік бағдарламаның 33-ші тармағына сәйкес, ҚР ҰК қорынан Александрия кітапханасында кітап көрмесі ұйымдастырылды.
  Іссапардың мақсаты:
-         Александрия кітапханасында 21 ақпан - 5 наурыз күндері өткен «Алжир кітаптары» атты халықаралық кітап жәрмеңкесіне ҚР ҰК-ның қатысуы;
-         Александрия халықаралық кітап жәрмеңкесі аясында «Қазіргі Қазақстан» атты кітап көрмесін қою, тақырыпқа байланысты шолу жасау, сұхбаттар өткізу;
-         Александрия кітапханасының жұмысымен танысу және тәжірибе алмасу;
-         ҚР ҰК мен Александрия кітапханасы арасындағы ынтымақтастықты нығайту үшін өзара қарым-қатынас туралы келісімшарт жасау;
   «Бүгінгі Қазақстан» деп аталған бұл тақырыптық көрмеге Қазақстан Республикасының рәміздері, еліміздің тұңғыш президенті жайлы, белгілі қоғам және мәдениет қайраткерлері туралы кітаптар, фотоальбомдар қойылды. Көрмеге 80 дана басылым қойылды. Кітап көрмесі қазақтың ұлттық нақышымен жасалған әртүрлі бұйымдармен әсемделді. Көрме Александрия халықаралық кітап жәрмеңкесіне қатысқан көпшіліктің ықыласына бөленді.
Александрия халықаралық кітап жәрмеңкесі аясында өткен кітап көрмесінің жұмысы аяқталған соң Александрия кітапханасының қорына ағылшын тілінде мәтіні бар 16 дана кітап және 4 дана CD-диск сыйға тартылды. Сонымен қатар 20 дана кітап, альбом, CD-диск, қазақтың ұлттық нақышымен жасалған бұйымдар Қазақстан Республикасының Араб Египет Республикасындағы Елшілігіне берілді.
  Египет баспагерлері ассоциациясымен бірлескен Александрия халықаралық кітап жәрмеңкесін ұйымдастырушылар алқасы ҚР ҰК-на осы шараға қатысқаны үшін сертификат берді.
    Іссапар аясында ҚР ҰК қызметкерлері Александрия кітапханасын аралап, оқырман залдарын көрді. Сирек кітаптар мен қолжазбалар мұражайымен, жазба мұрағаттарды қайта қалпына келтіру және сақтау лабораториясымен танысты.
   ҚР ҰК Бас директоры О.И.Исахов мырзаның Александрия кітапханасының  сыртқы байланыстар бөлімінің және медиа-мұрағатының басшысы Хагар Исламбулы ханыммен келісімсөз жүргізу барысында екі кітапхана арасындағы өзара қарым-қатынас туралы 5 жылға келісімшартқа қол қойылды.
« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование