KZ     RU     ENG
Сенбі, 05 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15066625
2019 жылы:  132160
бүгiн:  534
қазiр:  20
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

09.07.2008
   2008 жылдың 9  шілдесінде Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтымен бірлесе отырып, «Қазақстан тарихы кәсіби мамандар көзімен» атты 2006 - 2008 жылдары жарық көрген кітаптардың тұсаукесерін өткізді. Аталмыш шара барысында Тарих және этнология институтының қызметкерлері Қазақстанда отандық тарихи мектептің қалыптасуының теориялық мәселелерін талдауға, Қазақстан тарихының әдістемелік негізін жасақтауға, тарихнама мәселелерін қарастыруға алғаш рет талпыныс жасады. Институт ғалымдары бүгінге дейін пайдаланылмаған монғол, қытай, иран мұрағаттарының материалдарын, Ватикан құжаттарында, Франция, Англия корольдерінің мұрағаттарында карталар мен  құпия есептер түрінде сақталған еуропалық саяхатшылардың жазбаларындағы мәліметтерді тұңғыш рет пайдалана отырып, қазақ мемлекеттілігінің қалыптасу проблемасын жаңа көзқарас тұрғысынан қарастыруда.
    Кітаптардың тұсаукесері фотоиллюстрациялармен, плакаттармен, слайдтық көрсетілімдермен безендірілді. Тұсаукесер рәсімінде оқырман назарына ұсынылған кітаптар салтанатты түрде Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының қорына сыйға тартылды.
« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование