KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14888425
2019 жылы:  22140
бүгiн:  1
қазiр:  9
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

26.09.2008
     2008 жылдың 26 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы М.О.Әуезовтың «Қилы заман» кітабы бойынша «Бір ел – бір кітап» акциясын өткізді.
     Қазақстанда «Бір ел – бір кітап» акциясы 2007 жылы Абайдың қара сөздерін оқумен басталды. Акцияның аса маңызды міндеттерінің бірі еліміздің дамуын бейнелейтін әрі пікір сайыстыруға сай келетін, оқырмандарды бірден қызықтыратын және бүкіл ел халқын біріктіріп әкететін кітаптарды таңдау болып табылады.
     2008 жылғы «Бір ел – бір кітап» акциясына қазақ әдебиетінің классигі, жазба әдебиетіміздің дәрежесін әлемдік деңгейге көтерген, әлем әдебиетінің алтын қорын байытқан ұлы есімдердің бірі Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың «Қилы заман» повесі алынды.
    Шараға қазақ зиялылары, ақын-жазушылар, кітапханашылар, оқырмандар және көрнекті қоғам қайраткері, мәдениеттанушы Мұрат Мұхтарұлы Әуезов қатысты.
 
« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование