KZ     RU     ENG
Сенбі, 05 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15066637
2019 жылы:  132172
бүгiн:  546
қазiр:  18
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

01.10.2008
2008 жылдың 1 қазанында Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы мен Мәдени саясат және өнертану институты «Домбыра ­- әлемдік мәдениеттің ғаламат құбылысы» тақырыбында форум және Ж.Нәжімеденовтің «Қоңыр үнді домбыра» атты үш тілде жарық көрген кітабының тұсаукесерін өткізді.
     Форум өткізудегі мақсат – ұлттық мәдениетті еуропалық мәдениетке қасиетті құндылықтарымыздың бірі – домбыра арқылы таныту, домбыра аспабы арқылы бренд қалыптастыру, домбыраның Еуразия халықтары үшін ежелгі көшпенділер мәдениеті мен тарихын қазіргі заманға жеткізуші қайталанбас аспап ретіндегі құндылығын бағалау, домбыраны әлемдік мәдени құндылықтар тізіміне енгізуге қажетті нормативті-құқықтық актілердің негізін жасау.
     Форумға ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері және Орта Азиядағы ЮНЕСКО-ның өкілі Тария Виртанин, көрнекті ғалымдар, белгілі қоғам және мәдениет қайраткерлері А. Кетегенова, Ш. Әбілтаев, Р.Отарбаев, Д.Исабеков және басқалар қатысты.
    Форум жұмысы барысында ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан «Қоңыр үнді домбыра» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
 
« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование