KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14888492
2019 жылы:  22207
бүгiн:  1
қазiр:  57
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

14.10.2008
2008 жылы 14 қазанда ҚР Ұлттық кітапханасында жобаның бастамашыл тобымен бірге ұйымдастырылған (демеуші В.В.Пак, жобаның ұйымдастырушылары – ақын, журналист Римма Артемьева, баспагер А.Коваленко) белгілі жазушы (1964 жылдан бері КСРО жазушылар Одағының мүшесі), есімі әлемге танымал ғалым, биология ғылымдарының докторы, профессор Павел Иустинович Мариковскийдің «Времена года» кітабының тұсаукесері өтті (Алматы, 2008 ж.).
    Кітаптың тұсаукесеріне ҚР ҰК бас ғылыми хатшысы Е.И.Исмаилов, жобаның демеушісі В.В.Пак, жобаның  ұйымдастырушысы Р.Артемьева, кітапты басып шығарған А.Коваленко, ақын Л.Шашкова, кинорежиссер И.Гонопольский,  ҚР – дағы Польша Елшілігінің елшісі А.Вольчак және жазушы-ғалымның шәкірттері қатысты.
    Тұсаукесерге орай ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан алынған «П.И.Мариковский – ученый с мировым именем» атты кітап-сурет көрмесі ашылды. Көрмеге П.И.Мариковскийдің 1951-2008 жылдарда Мәскеу мен Алматыдағы баспалардан шыққан еңбектері, сондай-ақ «Простор», «Нива», «Туған өлке», «Аманат», «Книголюб» журналдарында басылған жарияланымдары қойылды. Көрмені  белгілі суретші Тамара Волкованың «Қазақстан петроглифтері» еңбектері толықтырды.
    ҚР Ұлттық кітапханасы қорына П.И.Мариковскийдің «Времена года» кітабының 12 данасы, С.А.Тороповтың  «Дневные бабочки Джунгара, Тянь-Шаня, Алая и Восточного Памира» альбомы және Тамара Волкованың  «Каскыр» (Луна) туындысы салтанатты түрде сыйға тартылды.    
« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование