KZ     RU     ENG
Сенбі, 05 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15066499
2019 жылы:  132034
бүгiн:  408
қазiр:  19
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

01.10.2008
2008 жылдың 1 қазанында Қала күні мерекесіне орай Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы мен Алматы қаласының әкімшілігі бірігіп «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында «Жалпыұлттық кітап қорына түскен жаңа жазба деректер» атты көрме өткізді.
    «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасы аясында ҚР Ұлттық кітапханасының мамандары 2004 жылдан бері Батыс Еуропа елдерінің кітапханалары мен мұрағаттарында ғылыми-ізденіс жұмыстарын жүргізуде. Жұмыс барысында Қазақстан үшін тарихи-мәдени құндылығы бар көптеген жазба ескерткіштер Ұлттық кітапханасының қорына алынды. 2007 жылғы экспедиция барысында бұрын қазақстандық тарихшылардың қолы жетпей келген көптеген құнды құжаттар мен материалдар әкелінді. Соның ішінде Қазақстан мен ТМД елдерінде жоқ араб әрпімен жазылған қазақ кітаптарының 30 аталымы бар. Қазақстан үшін табылған құжаттар деректанулық тарихи ескерткіш ретінде бағаланады.
    Көптеген материалдар мен құжаттар Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының қорын толықтыра отырып, таяу арада қазақстандық оқырмандардың және зерттеушілердің игілігіне айналмақ.
« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование