KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14888591
2019 жылы:  22306
бүгiн:  1
қазiр:  32
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

24.11.2008
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
 
ҚР Ұлттық кітапханасы                           24 қараша 2008 жыл
Көрме фойесі                                                             16.00
 
   Қытай Халық Республикасының Елшілігі ҚР Ұлттық кітапханасымен бірге  Қытай иероглифтерінің тарихы бойынша көпшілік қауымға арналған көрме ұйымдастырады.
      Бұл ­– мазмұны бойынша да, нысаны мен тақырыбы бойынша да бірегей көрме. Өйткені Қытайдың жазу әліппесі әлемдегі ең ежелгілердің бірі болып  табылады. Қытай жазу әліппесін б.д.д. VI мыңжылдыққа жатқызады. Иероглифика - Қытай мәдениетінің ең арғы  түп-төркіні және Қытайдағы барлық ұлттар мен ұлыстарды біріктіретін таратушы.
   Тарихи зерттеулер бойынша, ең көне жазу түйіннен түйілген  жазулар болған. Жіптегі әркелкі түйіндер оқиғалар мен тілектерді білдірген. Хуанди басқарған кезеңде жылнамашы Цан Цзе тұңғыш  рет иероглифтерді бір жүйеге келтірді.
   Ауызекі сөзді жеткізу үшін сондай-ақ пиктограммалар, идеограммалар, фонограммалар түріндегі  суреттер де пайдаланылды, көне иероглифтердің осы құрамдас бөліктері тек тасбақаның қабыршағына, жануарлардың сүйектеріне ғана емес, сонымен бірге тас және қола заттарға да түсірілген. Әрбір князьдықтың бір-бірінен барынша ерекшеленетін өз иероглификасы болған. Б.д.д. 221 жылы Қытайды біріктіруде аса көрнекті  рөл атқарған император Цинь Шихуан әмірлік еткен кезде жазу әліппесін біріздендіру жүргізілді. Иероглифика өзінің көп ғасырлық тарихы ішінде бірқатар елеулі өзгерістерге ұшырады, әр дәуірде                әртүрлі жаңа стильдер пайда болды, соның арқасында ең қолайлы әрі қатар қытай ділінің рухына сай иероглифтер жазудың эстетикалық стилі қалыптасты.
    Көрмеге жоғарыда аталған заттардан басқа ең көне замандардан бүгінгі күнге дейінгі иероглифтер жазуда пайдаланылған материалдар мен құралдар қойылған. Көрменің үлкен бөлігі жазу өнеріне, қытай каллиграфиясының (көркем жазуының) ерекшелігіне арналған. Экспонаттар 60 планшетке толық жазылған иероглифтер тарихын баяндайды. Көрме  сондай-ақ қағаз ойлап шығару, кітап басу, Қытайдың бірігуіндегі иероглифтердің ролі, иероглифика және ақпараттандыру иероглификаның жоғары технологияларға интеграциясы секілді тақырыптарды қамтиды.
   2008 жылғы 24-27 қараша аралығында келем деушілерге көрме есігі ашық.
 
Байланыс телефондары:  267-21-74 
(Сыртқы байланыстар орталығы)
                                                 267-28-83  (Қабылдау бөлімі) 
 
« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование