KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14888608
2019 жылы:  22323
бүгiн:  1
қазiр:  43
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

02.12.2008
    ҚР Ұлттық кітапханасы 2008 жылдың 2 желтоқсанында Ресей құқық академиясымен және ТМД құрамындағы мемлекеттердің Гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық қорымен бірлесіп, «Авторлық құқық: ХХІ ғасыр» тақырыбында семинар өткізді.
  Семинар жұмысына заң ғылымдарының кандидаты, Ресейлік «Копирус» авторлық құқық қоғамының бас директоры В.В.Терлецкий, Ресей құқық академиясының «Зияткерлік меншікті заңдық тұрғыдан қорғаудың теориялық және тәжірибелік мәселелері» бөлімі жетекшісінің орынбасары, отставкадағы 1 класты федералды сот Е.Н.Митина, Ресей құқық академиясынан заң ғылымдарының кандидаты Е.А.Моргунова, LESI-дің (Халықаралық лицензия қоғамы),  LAEL-дің (Сауықтық іс-шаралар жүйесіндегі заңгерлердің халықаралық ассоциациясы), IP LAWYERS NETWORK-тің (Зияткерлік меншікті қорғау жөніндегі заңгерлер қоғамының халықаралық тораптық ұйымы), ЮНЕСКО кафедрасының толық мүшесі Л.Б.Нейман, сонымен қатар Нормативтік-құқықтық актілерді сараптау басқармасының сарапшысы Ғ.С.Жұмашев, Алматы қалалық Әділет департаментінің Авторлық құқық бөлімінің меңгерушісі Ш.Ж.Айнақұлов, Алматы қалалық сотынан Х.С.Шәріпбаева, Қазақстандық Авторлар қоғамы төрағасының орынбасары, заңгер Б.Т.Айдарбеков, Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ Заң қызметінің басшысы, құқық мәселелері бойынша кеңесші, сарапшы Т.Б.Төлегенов, заңгерлер, құқықтанушылар, кітап шығарушылар, кітапханашылар, кітапхана оқырмандары қатысты.
   ҚР Ұлттық кітапханасы Бас директоры О.И.Исахов семинарға қатысушыларды құттықтап сөз сөйледі. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің құттықтау хаты оқылды.
    Семинар барысында Ресейдегі шығармаларды авторлық-құқықтық тұрғыдан қорғау, авторлық құқықты ұжымдық басқару, құқық иелерін қорғау, ҚР-ның авторлық құқық туралы заңдарына қатысты мәселелер талқыланды. Семинарға қатысушыларға Ресейлік «Копирус» авторлық құқық қоғамы мен Қазақстандық Авторлар қоғамының авторлық құқықты басқару бағытындағы іс-әрекетімен танысуға мүмкіндік туды. Кітапханашылар электронды кітапхана қызметіндегі құқықтың мән-маңызын көтеру туралы ой қозғады.
   Талқылау нәтижесінде электронды кітапхана құру ісіндегі авторлық құқық заңдылықтарын сақтау жөнінде кеңестер беріліп, авторлар шығармаларының электронды көшірмелерін дайындау мен пайдалануда кітапханалар үшін ерекше жағдайлар қарастыру жөнінде ұсыныстар енгізілді.
« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование