KZ     RU     ENG
Сенбі, 05 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15065995
2019 жылы:  131530
бүгiн:  1
қазiр:  24
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

11.12.2008
       2008 жылдың 11 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы «Нұр-Отан» халықтық демократиялық партиясымен және Мәдени саясат және өнертану институтымен бірлесіп, Тәуелсіздік күні қарсаңында «Алаш. Желтоқсан. Тәуелсіздік: Ұрпаққа тағылым» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
     Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының қорынан «Алаш» қозғалысы зиялыларының ағартушылық қызметіне арналған «Ер есімі – ел есінде» атты көрме ұйымдастырылды. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Орталық Мемлекеттік мұрағаты қорындағы Алаш көсемдерінің құжаттары мен  фотосуреттері қойылды. Көрме «Алаш» қозғалысы арқылы мемлекеттік тәуелсіздіқ идеясын ту етіп көтерген тарихи тұлғалардың еңбегіне, ұлттық саяси бағдарламасына, ағартушылық қызметіне, басқа да қайраткерлік істеріне арналған.
      Аталған мәдени шараға Қазақстанның қоғам және мәдениет қайраткерлері, «Алаш» партиясын ұйымдастырушы қайраткерлердің ұрпақтары, ғалымдар, жастар қатысты.
« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование