KZ     RU     ENG
Сенбі, 05 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15066139
2019 жылы:  131674
бүгiн:  48
қазiр:  15
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

26.12.2008
     2008 жылдың 26 желтоқсанында сағат 11-30-да Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты мен «ҚазАқпарат» баспа корпорациясы «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жарық көрген он томдық «Қазақ әдебиетінің тарихының» және  бес томдық «Қазақ музыкасының антологиясының» тұсаукесер рәсімін өткізді.
     Он томдық «Қазақ әдебиетінің тарихын» шығаруға академик С.Қасқабасов бастаған Әдебиет және өнер институты, көптеген ғалымдар мен мамандар, жекелеген авторлар қатысты. Соның нәтижесінде үш жыл ішінде аталмыш шығарылым ел игілігіне айналып отыр. Білікті ғалым, профессор С.Күзембаева жетекшілігімен дайындалған «Қазақ музыкасының антологиясының» да ел игілігіне айналатын күні алыс емес.
     Тұсаукесер рәсіміне М.О.Әуәзов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры, ҚР ҰҒА академигі С.А.Қасқабасов, «ҚазАқпарат» баспа корпорациясының президенті Қонысбек Ботбай, өнертану ғылымдарының кандидаты, профессор С.Күзембаева, ҚР Ұлттық кітапханасының бас ғылыми хатшысы Е.И.Исмаиловтар қатысты.
    «ҚазАқпарат» баспа корпорациясы ҚР Ұлттық кітапханасына және 19 қалалық кітапханалардың қорына өздерінің басып шығарған кітаптарын сыйға тартты.
« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование