KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14888465
2019 жылы:  22180
бүгiн:  1
қазiр:  48
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

11.02.2009
   «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында Қызылорда облысы әкімшілігінің бастамасымен бұрынғы Қызылорда облысының әкімі, қазіргі Мәдениет және ақпарат министрі М.А. Құл-Мұхаммедтің басшылығымен «Фолиант» баспасынан «Сырдария кітапханасы» сериясы бойынша 200 томдық кітаптың жарыққа шығуы бекітілді. Соның нәтижесінде 92 кітап жарық көрді.
  ҚР Ұлттық кітапханасы  «Сырдария кітапханасы» сериясынан 92 кітаптың сыйға түсуіне орай  2009жылғы 11 ақпанда сағат 11-00-де  «Сырдария кітапханасы» Сыр елінің жауһары» атты кітап көрмесінің тұсаукесер рәсімін ұйымдастырады.
     Қызылорда облыстық Мәдениет басқармасының бастығы Жүсіпов Берік Мырзалыұлы және Қызылорда облыстық Ә.Тәжібаев атындағы әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Сейсекеева Күлбаршын Раушанбекқызы «Сырдария кітапханасы» сериясымен шыққан кітаптарды ҚР Ұлттық кітапханасы қорына салтанатты түрде тапсырады.
  «Сырдария кітапханасының» сериясымен шыққан кітаптардың бастауы – «Қорқыт ата кітабын» белгілі ғалым Әуелбек Қоңыратбаев тәржімалады. Сонымен қатар бүкіл Шығыс халықтарының ортақ мұрасы болып саналатын Қожа Ахмет Яссауидің «Диуани-Хикметін» Әбибулла Мұхамеджанов аударды, ол көптомдық 8 кітап болып жарық көрді. Ал «Мың бір түн» дастаны Қалтай Мұхамеджановтың аудармасымен шықты.
     Ортағасырлық жазушы Насреддин Рабғұзидің «Қисас-ул-Әнбия» атты кітабын көне түркі тілінен Әшім Әріпбайұлы аударды, бұл кітапта пайғамбарлардың өмірі мен олардың бастан кешкен оқиғалары жайында айтылады.
     Осы серияға Сыр сүлейлерінің, саңлақтарының, Нұртуған Кенжеғұлұлының екі томдық өсиеттері, толғаулары, философиялық мәнді назымдары, арнаулары, жыр-дастандары кірген. Сүлейлердің соңғы буындары Рахмет Батырбаев, Әбзәли Егізбаевтың шығармалары да орын алған. Сондай-ақ, «Сырдария кітапханасы» сериясымен шыққан кітаптардың ішінде кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиетінің майталман ақындары Әбділдә Тәжібаевтың 5 томдығы, Асқар Тоқмағанбетов пен Зейнолла Шүкіровтің 3 томдық шығармалары ерекше орын алады.
    Қоғам қайраткері деңгейіне көтерілген, әдебиет пен тарих саласында елеулі із қалдырған танымал тұлғалар – ағайынды Қалжан және Әлібек Қоңыратбаевтардың шығармалары бір томға топтастырылып, белгілі ғалым Әуелбек Қоңыратбаевтың еңбектері екі том болып жарық көрді. Бүгінгі қазақ әдебиетінің дамуына елеулі үлес қосқан Сыр перзенттерінің де бір-бір томдық шығармалары жарияланып отыр. Сыр өңірінде дүниеге келіп, республикамыздың басқа аймақтарында еңбек етіп жүрген қаламгер жерлестеріміздің де шығармалары назардан тыс қалмады. Сыр өңірінде табан аудармай қызмет атқарған Қомшабай Сүйеніштің 2 томдығы, Әскербек Рахымбековтің екі жыр жинағы, елге белгілі журналистер Сақтаған Есмаханұлы, Сарбұлақ Ибрашұлы, Қази Данабаевтардың шығармалары да осы топтамаға енген.
    «Сырдария кітапханасы» сериясына енген белгілі ақындар Ө.Н.Күмісбаев, Ш.Сариев, И.Исаев, Б.Серікбайұлы, М.Кенжебай және белгілі жазушылар О.Сәрсенбаев, Қ.Түменбай ҚР Ұлттық кітапханасының Мәдени бағдарламалар орталығында өтетін тұсаукесер рәсіміне қатысып, өздерінің жарық көрген кітаптары туралы  оқырманмен ой бөліседі.
                                                                                              
 
 
 
« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование