KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14888596
2019 жылы:  22311
бүгiн:  1
қазiр:  34
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

28.02.2009
28.02.2009ж. ҚР Ұлттық кітапханасында 2009-2011 жылдарға арналған «Мәдени мұра» Стратегиялық ұлттық жобасын жүзеге асыру жөніндегі Қоғамдық кеңестің кезекті мәжілісі болып өтті.
 
   Қоғамдық кеңес мәжілісі Мәдениет және ақпарат министрі М.А.Құл-Мұхаммедтің төрағалығымен өтті.
   Мәжілісте келесі мәселелер қарастырылды:
  1. «Мәдени мұра» бағдарламасының екінші кезеңінің ерекшеліктері және 2009 жылы бағдарламаны жүзеге асырудың негізгі мәселелері.
  2. «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша ғылыми зерттеулер саласындағы қол жеткізген жетістіктерді орта және жоғары оқу орындарының оқулықтары мен оқу бағдарламаларына енгізу туралы.
  3. Қоғамдық Кеңес мәжілісі хаттамаларындағы шешімдердің орындалу барысы және Кеңес жұмысының 2009 жылғы жоспарлары туралы.
   Мәжіліс төрағасы Кеңеске қатысушыларды Қоғамдық кеңестің 9 жаңа мүшесімен таныстырды.
  Кеңес мәжілісінде Мәдениет және ақпарат министрі М.А.Құл-Мұхаммед, Білім және ғылым министрі Ж.Қ.Түймебаев, Қоғамдық кеңес мүшелері – Шығыстану институтының директоры М.Әбусейітова, Әдебиет және өнер институтының директоры С.Қасқабасов, Тарих және этнология институтының директоры С.Мәжитов, Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясының президенті Т.Балықбаев, археолог З.Самашев, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Ғ. Есім баяндама жасады.
     Мәдениет және ақпарат министрі М.А.Құл-Мұхамед өз баяндамасында 2009-2011 жылдарға арналған «Мәдени мұра» Ұлттық Стратегиялық жобасы Тұжырымдамасының басым бағыттары және оларды жүзеге асыруға қатысты іс-шаралардың жоспары туралы айта келіп, аталмыш құжаттың негізгі бағыттары ұлттық таңбаларды қалыптастыру, мәдени-танымдық туризмді дамыту, ұлттық тарихи мұраны халықаралық деңгейде насихаттау, тарихи-мәдени мұраны кешенді түрде зерттеу екенін атап көрсетті.
      Білім және ғылым министрі Ж.Қ.Түймебаев өз баяндамасында кадр саясатын салаларды дамытудың стратегиялық ресурстары ретінде жүзеге асырудың және оқу үдерісіне жүйелі білім беруді енгізудің маңызды мәселелері туралы сөз қозғады.
    Министр «Бүгінгі күннің басты мәселелерінің бірі – өз мәдениетінің дәстүрлерін жақсы білетін, өз халқының тарихын сүйетін, ел болашағын сеніп тапсыруға болатын ұрпақ тәрбиелеу. Жас қазақстандықтарды отаншылдық рухта, елін сүюге тәрбиелеу мемлекеттің парызы болып табылады» деп атап көрсетті. Осы мәселені жан-жақты талқылау және лайықты шешімдер қабылдау үшін ұзақ мерзімді перспективалардың жұмыс жоспарлары құрастырылады және жүзеге асырылатын болады.
    Баяндама жасаған басқа да Кеңес мүшелері мен секция жетекшілері Бағдарламаны жүзеге асыру бойынша 2008 жылғы атқарылған жұмыстардың нәтижелеріне қатысты ой бөлісіп, 2009 жылдың бірінші кезектегі мәселелері туралы айтып өтті.
      Кеңес мәжілісінде 2009 жылдың жұмыс жоспары талқыланды және бекітілді.
« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование