KZ     RU     ENG
Сенбі, 05 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15066357
2019 жылы:  131892
бүгiн:  266
қазiр:  9
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

17.03.2009
    2009 жылы 17 наурыз күні сағат 11-де ҚР Ұлттық кітапханасының мәдени бағдарламалар Орталығында Қазақстан Республикасының басты баспалар басшыларымен кездесу өтті. Бұл кездесудің негізгі мақсаты баспалардың басшыларымен дидарласу, жинақталған мәселелерді бірлесіп шешу және «Көктем-күз» атты кітап жәрмеңкесін талқылау.
    ҚР Ұлттық кітапханасының Бас директоры О.И.Исахов кітапхана жұмыстары мен бағыттарына тоқталып, кітапханада ұйымдастырылатын кітап жәрмеңкесі туралы өз ойын ортаға салды. Сонымен қатар, «Қазақстан» баспасының директоры Н.Оразбек «Кітап жәрмеңкесін» өткізу ұсынысын қолдайтынын және барлық баспалар бірлесіп, ортақ келісімге келіп, осы Ұлттық кітапханадан «Баспагерлер клубын» ұйымдастыру туралы ойын жеткізді. Сонымен қатар ҚР Ұлттық кітапхана қорын толықтыру бөлімінің меңгерушісі Қ.М.Изамбекова Қазақстан баспаларымен тығыз байланыста жұмыс атқаратынын айта келе, баспалардан шығатын Ұлттық құндылықтарымызды мүмкін болғанша жинақтап, ұрпақтан-ұрпаққа сақтап жеткізу ең басты міндет екендігін және баспалардың кітапхана қорын толықтыруға қосқан үлестері мен еңбектері үшін алғысын білдірді. Ал «Раритет» баспасының директоры З.Я.Тень болса, «Кітап жәрмеңкесінің» бағытының дұрыстығын және бүгінгі таңда Қазақстанда кітаптарды насихаттау мен сату өте маңызды мәселе екендігіне тоқталып, қолдайтынын айтты.
    Сондай-ақ, кездесуде басқа да баспа өкілдері «Кітап жәрмеңкесі» туралы өз пікірлері мен ұсыныстарын Ұлттық кітапханаға қосымша жіберетінін мәлімдеді.
     ҚР Ұлттық кітапханасына «Кітап жәрмеңкесі» мен «Баспагерлер клубы» туралы ұсыныстарды жинақтап, тиісті құжаттар дайындау тапсырылды.   
« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование