KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14888576
2019 жылы:  22291
бүгiн:  1
қазiр:  33
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

29.04.2009
     2009 жылдың 29 сәуірінде Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында белгілі ақын, мәдениет қайраткері Дүйсенбек Нақыповтың жаңа  кітаптарының тұсаукесері өтті.
     Автордың «Время Ре» поэмалар жинағына 2001-2008 жж. жазылған он жеті поэма мен екі эсселер циклі кіреді. «Близнецы», «Падение Багдада» және «Сказы Вечного Сурка» поэмалары мерзімді басылымдарда жарияланып, белгілі жазушылар мен сыншылар тарапынан қызу қолдау тапты. Олардың қатарында Шыңғыс Айтматов, Виктор Бадиков, Мұрат Әуезов, Анатолий Ким, Аслан Жақсылықов, Жанна Толысбаева сынды әдебиет пен өнер майталмандары бар. Кітаптағы басқа  поэмалар оқырмандар назарына тұңғыш рет ұсынылып отыр.
     Д.Нақыповтың «Тень ветра» атты жаңа романы бұрын жарық көрген  «Круг пепла» романының жалғасы болып табылады. Дилогия құрайтын осы екі кітап 90-шы жылдардан бастап, XX ғасырдың соңына дейінгі қым-қуыт кезең, адамдар тағдыры және Алматы қаласы туралы көркем ой-толғаныстарды қамтиды.
     Тұсаукесер рәсімін ҚР Ұлттық кітапханасының Бас директоры О.И.Исахов сөз сөйлеп, ашты. Кешті филология ғылымдарының докторы, профессор Аслан Жақсылықов жүргізді. Тұсаукесерге М.М.Әуезов, С.Санбаев, Қ.Бақбергенов, Б.Қайырбеков секілді мәдениет және өнер қайраткерлері  қатысып, жаңа туындылар туралы пікір білдірді.  
   Тұсаукесер барысында қос кітап талқыланып, Дүйсенбек Нақыповтың шығармашылығы туралы еркін пікір алмасу өтті.
     Тұсаукесер рәсіміне орай ҚР Ұлттық кітапханасы қорынан  Дүйсенбек Нақыповтың шығармашылығына арналған көрме ұйымдастырылды.
« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование