KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14888458
2019 жылы:  22173
бүгiн:  1
қазiр:  42
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

05.05.2009
# 17 (685), April 23-29’2009      The Almaty Herald          vents of the Week            

Грек Елшілігі Алматымен қоштасады

     Қазақстан Республикасындағы Грек Республикасының Елшілігі мамыр айының басында Астана қаласына көшеді, осыған орай Алматы қаласының әкімшілігі мен қала тұрғындарына 12 жыл бойы Елшілікке көрсеткен қонақжайлылығы үшін шексіз алғыс білдіргім келеді.
    Мен және менің қызметкерлерім атақты грек жазушысы және ойшылы Нокос Казатцакис («Зорба-грек») өлеңмен дәріптеген осы бір әсем қаламен, оның мекемелерімен және тұрғындарымен қимай қоштасамыз.
    Біз ІІМ Өкілдігінен қала Әкімшілігіне, Сауда-Өнеркәсіп Палатасына, Ұлттық Олимпиада Комитетіне, Ұлттық кітапхана әкімшілігіне қажет жағдайларда үнемі қолдау көрсетіп, ынтымақтастық білдіргені үшін ерекше алғыс айтамыз.
    Біз бұқаралық ақпарат құралдарының, атап айтқанда «Алматы ақшамы» газетінің, көпшілік және жекелеген сектордағы басқа да мекемелер мен ұйымдардың көпқырлы, пайдалы ақпараттарды таратудағы ролін жоғары бағалаймыз.
   Алматы қаласының бай салт-дәстүрі, мәдениеті, өнері және жазуы, аймақ тарихымен тығыз байланысы, Орталық мемлекеттік мұражайда айқын көрініс тапқан сақ өркениетінің жәдігерліктері, тек Алматының ғана емес, бүкіл елдің бас театры болып табылатын Абай атындағы академиялық опера және балет театрының, Құрманғазы атындағы Ұлттық консерваторияның, қазақ, орыс, ұйғыр және т.б. халықтар театрларының тамаша қойылымдары бізге қатты ұнап, жүрегімізден терең орын алды.
    Сондай-ақ Алматыда айнала қоршаған таудан орталық паркке дейінгі тамаша табиғи ландшафттары, ескерткіштері және басқа да тамашалауға тұрарлық орындары, бай асханасы және көңілді, түнгі өмірі де есте қаларлық.
   Сондықтан біздің Алматыда болған кезіміз, байланыстарымыз және жұмыстарымыз жайлы естеліктерді Астанаға ала кетпеуіміз мүмкін емес.
  Дегенмен Грекия Елшілігінің көшуі менің елімнің Алматымен ресми байланыстарын үзеді деген сөз емес, себебі Елшілік жақын арада осы жерден Консульдық ашуды жоспарлап отыр, өйткені мұнда грек ұлтының өкілдері көптеп қоныстанған.
  Мен және менің қызметкерлеріме келсек біз Алматының әкімшілігіне, мекемелеріне және тұрғындарына ілгерілеу, өркендеу және бақыт тілейміз және болашақта кездесеміз деген үмітпен, шын ниетпен көріскенше дейміз.
                 
 Эвангелос Денакс Мадес
Қазақстан Республикасындағы Грекия Елшісі
 
« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование