KZ     RU     ENG
Сенбі, 05 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15066410
2019 жылы:  131945
бүгiн:  319
қазiр:  12
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

21.05.2009
2009 жылы 21 мамырда ҚР Ұлттық кітапханасында  көрнекті  мемлекет және қоғам қайраткері, ҚР Ұлттық кітапханасының тұңғыш  директоры О.Қ.Жандосовтың туғанына 110 жыл толуына орай «О.Қ.Жандосов және 1918-1938 жылдардағы Қазақстанның әлеуметтік-мәдени даму ерекшеліктері» атты ғылыми конференция өтті.  

Конференцияны ҚР Ұлттық кітапханасының Бас директоры Орынбасар Исахұлы Исахов құттықтау сөзбен ашып, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Абрарұлы Құл-Мұхаммедтің құттықтау сөзін оқыды.

       Конференцияға Алматы қаласы әкімінің орынбасары Серік Тұрарұлы Сейдуманов, мемлекет және қоғам қайраткері, ақын Олжас Омарұлы Сүлейменов, О.Қ.Жандосовтың туған-туыстары қатысып, сөз сөйледі. Іс-шара барысында О.Қ.Жандосовтың Қазақстандағы қоғамдық-саяси, мәдени және ғылыми өміріндегі қызметі талданып, Қазақстандағы кітапхана ісіне қатысты ғылыми-зерттеу жұмыстарының тәжірибесі тұжырымдалды.       Конференцияда «Мемлекет тарихы» институтынан саясаттану ғылымдарының докторы Г.Р.Нұрымбетова, тарих ғылымдарының докторлары Х.М.Әбжанов, А.Т.Қапаева, З.Ж. Шаймарданова және т.б.  ғылыми-зерттеу институттарының, жоғары оқу орындарының тарихшы, әдебиетші, мәдениеттанушы, философ ғалымдары баяндама жасады.
          Көпшілік назарына ҚР Ұлттық кітапханасы, ҚР Президентінің мұрағаты, ҚР Орталық мемлекеттік мұрағаты, Алматы облыстық орталық мемлекеттік мұрағаты қорлары негізінде көрме жасақталды.
         ҚР Ұлттық кітапханасы О.Қ.Жандосовтың туғанына 110 жыл толуына орай «Біледі туған халқы Жандосовты 1899-1938» CD-Rom шығарды.  Конференция БАҚ-да кеңінен насихатталды.
 
« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование