KZ     RU     ENG
Сенбі, 05 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15066407
2019 жылы:  131942
бүгiн:  316
қазiр:  11
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

26.05.2009
    2009 жылдың 26 мамырында ҚР Ұлттық кітапханасының Мәдени бағдарламалар орталығында Жмеренецкая Нина Леонидовнаның «Қазақпарат» баспасынан жарық көрген «Красный чемоданчик. Монолог актрисы о жизни, творчестве и любви» атты кітабының тұсаукесері өтті.
 
  Кітап авторы Нина Леонидовна Жмеренецкая М.Ю.Лермонтов атындағы Мемлекеттік Академиялық орыс драма театрының белгілі әрі танымал актрисаларының бірі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі. Кітапта талантты актрисаның қызықты да мағналы өмір жолын әсерлі желісте әңгімелейді.  
    Нина Леонидовнаның тұған жері Молдавия. Ол Кишинев, Ленинград (Санкт-Петербург), Фрунзе (Бішкек) қалалары театрларында жұмыс істеген. Қазақстанға 1974 жылы келіп Алматыда тұрақтап қалды.
    Кітап актрисаның Молдавиядағы ата-әжесімен өткізген балалық шағын баяндауымен басталады.
   14 жасында өзінің алғашқы актрисалық куәлігін алған екен және Чеховтың «Чайкасындағы» Нина Заречнойдан бастап Ж.Ануйдің   «Жаворонокындағы» Жанна Даркқа дейінгі көптеген рөлдері туралы әсерлі баяндайды. Н.Л. Жмеренецкая театрда, кинода, теледидарда 100-ден астам тамаша рөлдерді сомдаған. Сондай-ақ Н.Л.Жмеренецкаяның ағылшын-қазақстандық жобасымен түсірілген 465 сериялы «Перекресток» фильмі арқылы көрермен жүрегінде жол тапқанын атап өткен жөн.
   Оқырман кітаптан «Сторож», «Без названия» әңгімелерін және «Он был в черном фраке и белых тапочках» атты прозалық шығармаларын оқи алады.
« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование