KZ     RU     ENG
Сенбі, 05 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15066414
2019 жылы:  131949
бүгiн:  323
қазiр:  2
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

04.06.2009
2009 жылдың 4-маусымында ҚР Ұлттық кітапханасының Мәдени бағдарламалар орталығында  педагогика ғылымдарының докторы, математика профессоры, Халықаралық жоғары мектеп академиясының академигі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Закириянов Қайрат Қайроллаұлының «Шыңғысханның түркілік ғұмырнамасы» атты кітабының тұсаукесері өтті.
 
      «Шыңғысханның түркілік ғұмырнамасы» кітабында Шыңғысхан мемлекетінің құрылуы, Шыңғысхан әулетінің генетикалық мұрасының мәселелері талданады, Түркі қағанаты кезеңіндегі моңғолдар тарихының мәселелері қарастырылады. Шыңғысхан мемлекеті мен Қазақстан тарихы арасындағы өзара байланыс сараланып дәлелденеді. Ру таңбаларының шығу тарихы ғылыми  тұрғыдан түсіндіріледі.
      Сонымен қатар осы кітап беттерінде ғалым  Қайрат Закириянов қазақ халқының тұрғылықты мекені, басқа халықтармен және өркениеттермен байланысы, халық болып қалыптасу жолындағы жеңістері мен жеңілістері мәселелерін қарастырады. Автор қазақ ұлтының  қазіргі Қазақстан территориясында қалыптасу мәселелерін саралайды. Кітап осы еңбекте Шыңғысхан мемлекеті мен Қазақстан тарихының жаңа белгісіз беттерінің ашылуымен  ерекшеленеді.       
      Тұсаукесерге академиктер О.Смағұл, С.Аманжолов, профессор С. Байболовтар, танымал жазушы Қ. Ысқақ, сондай-ақ журналистер мен кітапхана оқырмандары қатысты.    
 
« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование