KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14888532
2019 жылы:  22247
бүгiн:  1
қазiр:  6
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

03.04.2009
03.04.2009 ж. ҚР ҰК-ның Бас директоры О.И.Исахов Грекияның Ұлттық Тәуелсіздік күніне ( 25.03.2009ж.) орай Қазақстан Республикасындағы Грек Республикасының Елшісі Е.П.Евангелос Денаксастан жолдау алды.
Жолдауда грек текті қазақстандықтарға ыстық сәлем жолданып, қазақстандық достарға ізгі тілектер айтылған. Жолдау «Грекияның сыртқы саясаты», «Грекияның ЕҚЫҰ-на төрағалығы», «Екі жақты қарым-қатынастар – тарихи перспективалар», «Саяси қатынастар», «Экономикалық қатынастар» сияқты бөлімдерден тұрады.
«Мәдени қатынастар» бөлімінде мына іс-шара ерекше аталып көрсетілген: «Өткен жылдың қыркүйек айында Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында Бас директор Орынбасар Исахов мырзаның қызығушылық білдіріп, бастама көтеруі нәтижесінде Грек Елшілігімен бірлесіп ХІХ-ХХ ғасырларда жарық көрген бес жүзге жуық грек кітаптарының ерекше тұсаукесер-көрмесі ұйымдастырылды. Санкт-Петербург, Мәскеу, Париж, Берлин және Лейпцигте жарық көрген бұл кітаптар грек тілінде, сонымен қатар орыс, француз және неміс тілдерінде жазылып, Грекияның өркениетіне, тіліне, әдебиеті мен философиясына арналған; тарих және әлеуметтану бойынша жазылған бірқатар кітаптар коммунистік және социалистік қағидаларға негізделген. Пекинде өткен Олимпиада ойындарында ауыр атлетикадан алтын медальді жеңіп алған тегі грек Қазақстан азаматы Илья Илин мырзаға Грекияның Сыртқы істер министрінің орынбасары Афанасиос Кассимис мырзаның жолдаған құттықтауын салтанатты түрде табыс ету рәсімі өткізіліп отырған іс-шараның маңызын тереңдете түсті».
Қыркүйек, 2008 ж.
Суретте: Грек Республикасының Қазақстандағы бұрынғы Төтенше және Өкілетті Елшісі
Христос Контовунисиус және ҚР Ұлттық кітапханасының Бас директоры О.И.Исахов
Қыркүйек, 2008 ж.
Суретте: Солдан оңға қарай: Афины университетінің докторанты Е.Андрейченко, Қазақстандағы грек қауымдастықтары ассоциацияның Президенті П.И.Феодориди, ҚР Ұлттық кітапханасының Бас директоры О.И.Исахов, Грек Республикасының Қазақстандағы бұрынғы Төтенше және Өкілетті Елшісі Христос Контовунисиус
Қыркүйек, 2008 ж.
Суретте: Ауыр атлетикадан 2008 жылғы Олимпиада чемпионы қызылордалық Илья Ильинге грек үкіметінің атынан құттықтау хат тапсыру салтанаты
Қыркүйек, 2008 ж.
Суретте: Ортада – Олимпиада чемпионы Илья Ильин, Грек Республикасының Қазақстандағы бұрынғыТөтенше және Өкілетті Елшісі Христос Контовунисиус, ҚР Ұлттық кітапханасының Бас директоры О.И.Исахов және ҚР ҰК ұжымы
Суреті Ж.А.Әбдікеримованың
« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование