KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14888487
2019 жылы:  22202
бүгiн:  1
қазiр:  57
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

01.07.2009

ҚР Ұлттық кітапханасының Мәдени бағдарламалар орталығында  белгілі демограф, саясаттану ғылымдарының докторы М.Б. Тәтімовтың «Елбасы және ел саны» атты кітабының тұсаукесері өтті. Бұл шара автордың қатысуымен, «Арыс» қорының баспасымен бірлесіп ұйымдастырылды. 

Кітап  “Ұлт Перзенті – Ұлыс Президенті”, “ Ұрпақтар қалай ұласқан?», «Болашаққа аманат” деп аталатын үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде автордың еліміздің тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевпен Украина жерінде бірге өткізген студенттік жылдары, Елбасының адамдық болмысы, қайраткерлік келбеті, бүгінгі қоғамымыз жайындағы ой-пікірлері ғалым, журналист Ғ.Әнеспен сыр-сұхбат түрінде өрбиді. Одан кейінгі бөлімдерде халқымыздың демографиялық жағдайы, өсіп-өнуі, даму кезеңдері туралы нақты деректер, кестелер, болжамдар келтірілген.

Осы тұсаукесер аясында «Арыс» қорының баспасы өзінің соңғы жылдарда шығарған кітаптарының кеңейтілген көрмесін ұсынды. Олардың қатарында анықтамалық, ғылыми-танымдық, тарихи, медициналық, көркем әдебиеттер мен оқу құралдары бар. Көрмеге қойылған барлық кітаптар ҚР Ұлттық кітапханасының қорына сыйға тартылды.

Тұсаукесерге ҚР Ұлттық кітапханасының Бас директоры О.И.Исахов, «Арыс» қорының президенті Ғ.Әнес, кітап авторының студенттік шақтағы достары Т.Исаев, З.Имандинов,  шәкірті Ә.Ғали және БАҚ өкілдері, республикалық, қалалық кітапханалардың қызметкерлері қатысты. Кітапханалар қорына, шараға қатысушыларға автор өз  кітабын сыйға тартты.

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование