KZ     RU     ENG
Сенбі, 05 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15066084
2019 жылы:  131619
бүгiн:  1
қазiр:  26
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

14.08.2009

ҚР Ұлттық кітапханасының Мәдени бағдарламалар орталығында  көрнекті сазгер, мемлекеттік әнұран авторларының бірі, ҚР халық әртісі Шәмші Қалдаяқовтың туған күніне орай «Шәмші Қалдаяқовтың қазақ мәдениеті мен өнеріндегі орны» тақырыбында дөңгелек үстел мен «Мәңгілік өлмейтұғын ән қалдырған» атты кітап көрмесі өтті. Бұл шара Шәмші Қалдаяқов атындағы халықаралық ән фестивалінің дирекциясымен бірлесіп ұйымдастырылды. 

Кітап көрмеге сазгер  шығармашылығын арқау еткен әр жылдары жарық көрген мақалалар, сұхбаттар, естеліктер, газет-журналдар мен кітаптар қойылды.

Дөңгелек үстелге ҚР Ұлттық кітапханасының Бас директоры О.И.Исахов, ҚР ҰҒА академигі Ө.Айтбаев, сазгер М.Маңғытаев, ҚР халық әртісі, әнші Н.Нүсіпжанов, ҚР халық әртісі С.Тыныштығұлова, жазушы З.Асабаев, «Алматы Ақшамы» Бас редакторы журналист Қ.Сәрсенбай, сатирик К.Әмірбек, режиссер Т.Ахметов, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, әнші Ж.Ысқақова, сонымен қатар БАҚ өкілдері, облыстық кітапханалардың қызметкерлері, әнші  шығармаларын сүйіп тыңдайтын қала жұртшылығы қатысты. Шәмші Қалдаяқов атындағы халықаралық ән фестивалінің дирекциясы кітапханалар қорына және шараға қатысушыларға  «Шәмші» журналын сыйға тартты.

       

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование