KZ     RU     ENG
Сенбі, 05 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15066413
2019 жылы:  131948
бүгiн:  322
қазiр:  1
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

18.09.2009

ҚР Ұлттық кітапханасының Мәдени бағдарламалар орталығында  белгілі жазушы, драматург, публицист, аудармашы және кино актері Сәтімжан Санбаевтың 70 жылдық мерейтойына орай «С.Санбаев 70 жаста» атты кітап көрмесі ұйымдастырылады және мерейтой иесінің шығармашылығы бойынша «Классик келбеті» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді. 

ҚР Ұлттық кітапханасы қазақтың көрнекті жазушысы және қоғам қайраткері Сәтімжан Қамзаұлы Санбаевтың 70 жылдық мерейтойы мен шығармашылық жолына  арналған «С.Санбаев 70 жаста» атты көркем безендірілген дербес кітап көрмесін ұсынады. Көрмеге ҚР Ұлттық кітапханасы қорынан және жазушының жеке отбасы мұрағатынан алынған 100-ден астам кітаптар, мақалалар және фотосуреттер қойылады. Көрмеде көрсетілген материалдар прозашы, драматург, көсемсөзші, аудармашы, қоғам қайраткері және кино актері С.Санбаевтың көп қырлы тұлғасының мазмұнды шығармашылық қызметін бейнелейді.

Көрмеден С.Санбаевтың 60-жылдары «Простор» журналында жарияланып, оқырмандар жылы қабылдаған «И вечный бой», «Белая аруана» секілді алғашқы повестері орын алған. Бұл туындылар Қазақстанның әдеби өміріндегі бірегей оқиғаға айналды және әлемдік әдеби жұртшылық тарапынан жоғары бағаланды.

Сонымен қатар көрмеде С.Санбаевтың «Колодцы знойных долин» повесі және «Еще одно лето», «Таких дождей здесь не бывало», «Лист, скользящий по снегу», «Весной нас зачарует голос» атты романдары, басқа тілдерге аударылып, әлемнің 30-дан астам елдерінде жарияланған шығармалары қойылды. Солардың арасында жазушының 2006 жылы қарашада ҚР Ұлттық кітапханасында тұсаукесері өткізілген «Медный колосс» атты роман-дилогиясы да бар.

С.Санбаевтың шығармашылық қызметіне арналған «Классик келбеті» атты әдеби шығармашылық конференцияға М.Әуезов, Ұ.Есдәулет, Д.Исабеков, Н.Оразалин, Қ.Ысқақов секілді Қазақстанның мәдениет, әдебиет, өнер және қоғам қайраткерлері, жазушының достары мен туыстары, оқырмандар мен кітапхана қызметкерлері қатысады. Жетекші-модератор – филология ғылымдарының докторы А. Жаксылықов.

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование